Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"25 шөберем бар": 116 жастағы қазақ әжесі ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты (ВИДЕО)

"25 шөберем бар": 116 жастағы қазақ әжесі ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Қазақстандағы ең қарт тұрғын – Ұлытау облысының тұрғыны Түймегүл Темірбаева биыл қаңтар айында 116 жасқа толды, деп хабарлайды kznews.kz.

Түймегүл әже бүкіл өмірін отбасысына арнаған. Оның айтуынша, ұзақ өмір сүруінің басты құпиясы – еңбекқорлық пен жақын адамдарға деген сүйіспеншілік. Жолдасы Аязбаймен бірге олар балаларын тәрбиелеп, әрдайым оларға үлгі болуға тырысқан.

Отбасы – әженің өмірінің басты мәні әрі тірегі. Бүгінде Түймегүл Темірбаеваның 15 немересі және 25 шөбересі бар.

"100 жылдан аса өмір сүрдім. Осы жылдар ішінде талай нәрсе болды. Балаларым, немерелерім, шөберелерім жанымда болғанына қуаныштымын. Бар ойым – олардың амандығы мен бақыты", – дейді ұзақ жасаған кейуана.

Туыстарының айтуынша, олар әжеден ешқашан денсаулығына қатысты шағым естімеген. Түймегүл әже әрдайым белсенді болуға тырысады және отбасы мүшелеріне тамақ дайындауға көмектеседі.

"Әрине, бұрынғыдай ширақ емес, жас өз әсерін тигізеді. Бірақ ол бір орында ұзақ отырмайды, үй ішінде жүріп-тұрады, кейде аулаға да шығады. Тіпті бізге көмектесіп, тамақ дайындайды. Бос отырғанды ұнатпайды", – дейді келіні Раушан Темірбаева.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер