Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

116 жасқа келген қазақстандық әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

116 жасқа келген қазақстандық әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Видеодан алынған кадр

Елдегі ең қарт тұрғын ұлытаулық Түймегүл Темірбаева 116-шы көктемін қарсы алды. Кейуана әлі де ширақ. Ол көп жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланыстырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өмір бойы ауыр жұмыстың ортасында жүрген ол қазір де бос отырмайды. Құрт жайып, үй тірлігіне араласып тұрады. Әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін әдемі қартаю бақыты Түймегүл апаға бұйырған. Ол жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі өмір бойы жылқы баққан. Дегенмен мал соңындағы қара жұмыстан қажымаған. Аязбай ақсақал ғасырға жуық жасап, 95 жасында дүниеден өткен. Ал жақында 116 жасқа толған Түймегүл әже көзәйнексіз ине сабақтап, іс тігеді. Қимылы да ширақ.  Түймегүл Темірбаева, : -

“100-ден асып бара жатырмын. Өлмей келе жатырмын. Балаларым аман болсын. Балалардың алдында кетсем деп жүрмін”, – деді Қазақстандағы ең қарт адам Түймегүл Темірбаева. 

Түймегүл әженің балалары "Осы күнге шейін ол кісінің "Ауырдым" дегенін естімедік" дейді. Ес білгеннен еңбекпен өскен жан қазір де қартайдым деп қарап отырған жоқ. Немерелердің қарсылығына қарамай, үйдің тірлігіне де араласады.

“Анда-санда далаға шығып келеді. Көбінесе үйде жүреді. Биыл солай болды. Оған дейін барлық шаруаға жарап тұрған. Сырттың шаруасына, іштің шаруасына. Қанша дегенмен жасы келді ғой. Теледидар көріп отырады. Бізге тамақ істеп қояды”, – деді әжейдің келіні Раушан Темірбаева. 

Түймегүл Темірбаева қаңтар айында 116 жасқа толды. Оның елдегі ең қарт тұрғын екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растаған. Кейуана бүгінде Қызылжар кентінде кенже ұлының қолында тұрады. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.