KZNews.kz
Шоу-бизнес

24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Еркебұлан

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, Қазақстанның батысында ғана жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

«Солтүстік-батыс антициклон серпіні әсер етуін жалғастырып, Қазақстанның барлық аумағында дерлік жауын жаумайды», — деп хабарлайды синоптик-инженер Айдана Кәрімханова.

Скандинавия түбегінен келген циклон елдің батыс бөлігіне таралып, осы өңірде мұз қатып, боран соғады. Ауа температурасы аздап көтеріледі. Бұдан өзге республиканың кей жерінде жел күшейеді.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →