Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

23 қараша күнгі ауа райы болжамы

23 қараша күнгі ауа райы болжамы
Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

“Қазгидромет” РМК мамандарының мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігі әлі де терең және белсенді фронтал жүйе ықпалында болады, сол себепті еліміздің көп өңірінде жауын-шашын, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Павлодар облысында 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні 23-28 м/с-ге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын тұрады, жел екпіні секундына 15-22 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын тұрады, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе облысында да бұрқасын мен 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Автор
Әлихан