Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

15 қараша күнгі ауа райы болжамы

15 қараша күнгі ауа райы болжамы
Фото: Іnokhbeh.org

Бүгін республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. “Қазгидромет” мамандарының хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік-шығыста және  қиыр оңтүстікте ғана аздаған қар жаууы мүмкін.

Өңірлерде тұман түсіп, екпінді жел соғады, шығыста жел күшейіп, жаяу бұрқасын тұрады.

Түркістан облысының кей жерлерінде секундына 15-23 метрге жететін жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Өңірде желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз Алматы облысындағы Жалаңашкөл көлі ауданында және Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Автор
Жандос

Журналист