Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2027 жыл: АЕК өседі, ең төменгі жалақы өзгермейді

2027 жыл: АЕК өседі, ең төменгі жалақы өзгермейді
Фото: ашық дереккөздерден

"Ашық НҚА" порталында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, келесі жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш өзгереді.

Атап айтқанда, 2027 жылғы 1-қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 693 теңге болып белгіленбек. Биыл АЕК мөлшері 4 325 теңге болған. Осылайша, оның көлемі 368 теңгеге немесе шамамен 8,5 пайызға өседі.

Ал ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде сақталады. Яғни, 2027 жылы ең төменгі жалақы мөлшеріне өзгеріс енгізу жоспарланып отырған жоқ.

Сонымен қатар, ең төменгі зейнетақы 74 919 теңгеге дейін ұлғаяды. 2026 жылы бұл көрсеткіш 69 049 теңге болған. Өсім 5 870 теңге немесе 8,5 пайыз шамасында.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 173 теңге болады. Биыл оның мөлшері 50 851 теңге, яғни келесі жылы 4 322 теңгеге немесе 8,5 пайызға өседі.

Осылайша, 2027 жылғы бюджет жобасында АЕК, ең төменгі зейнетақы және күнкөріс деңгейі өсіп, ең төменгі жалақының 85 мың теңгелік деңгейі сақталмақ.

Бұл ретте айлық есептіккөрсеткіштің өсуі айыппұлдар, мемлекеттік баждар, әлеуметтік және өзге де бірқатар төлемдердің көлеміне әсер етеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.