2026 жылы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 4 325 теңге болады. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың тыныштығын бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлеміне тікелей әсер етеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Қашан шулауға тыйым салынады
- Жұмыс күндері 22:00-ден 09:00-ге дейін
-Демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін
Тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік
-Алғаш рет бұзғанда 5 АЕК, яғни 21 625 теңге
- Қайталанған жағдайда 10 АЕК, яғни 43 250 теңге
- Бизнес субъектілері үшін жаза қатаңырақ, айыппұл мөлшері жоғары, тіпті қызметін уақытша тоқтатуы мүмкін.
Көршілер ұйқы бермесе не істеу керек
- шуды тіркеу (аудио немесе бейнежазба);
- 102 нөмірі арқылы полиция шақыру;
- учаскелік инспекторға жүгіну.
Егер шу жалдамалы пәтерден шықса
Жауапкершілік тек жалға алушыларға ғана емес, пәтер иелеріне де жүктеледі.
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар жалдамалы пәтерлерді тексереді, ал меншік иелері туралы мәліметтер салық органдарына берілуі мүмкін.
Балалардың шулауына байланысты жауапкершілік
Заң кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшелік қарастырмайды.
- түнгі айқай, жүгіріс, ойындар да тыныштықты бұзу болып есептеледі;
- алғашқы шағым кезінде полиция көбіне профилактикалық әңгімемен шектеледі;
- шағым қайталанса, айыппұл ата-анасына немесе заңды өкілдеріне салынады.
Сонымен қатар мұндай жағдайларда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы қолданылуы мүмкін.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы
Бұл бап кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз жүруіне жауапкершілік қарастырады:
- 16 жасқа дейінгі балалардың көшеде жүруі;
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуы.
Түнгі уақыт 23:00-ден 06:00-ге дейін.
Жауапкершілік ата-аналарға, заңды өкілдерге, сондай-ақ құқықбұзушылыққа жол берген мекеме иелеріне жүктеледі. Жаза түрлері ескерту немесе әкімшілік айыппұл, ал қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады.
Терезе түбінде салют ату
- рұқсат етілмеген жерлерде фейерверк атқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге, пиротехниканы тәркілеумен (ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы);
- егер салют түнгі уақытта атылып, тыныштықты бұзса 437-бап қолданылады, бұл 5 АЕК,
Осылайша, 2026 жылы тыныштықты бұзған қазақстандықтарға он мыңдаған теңге айыппұл салынады, ал кәмелетке толмағандар қатысқан жағдайда ата-аналары қосымша жауапкершілікке тартылады.