KZNews.kz
Жаңалықтар

2026 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілуі мүмкін – Денсаулық сақтау министрлігі

Қайсар Қанат
depositphotos.com

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат кулуарында медицина қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистер жамбылдық фельдшерлер жалақыны көтеруді сұрап түсірген видеоға қатысты пікірін сұрағанда, вице-министр олардың талабын сынаған желідегі пікірлерді орынсыз деп атады.

"Шын мәнінде еңбек жағдайы мен жалақы мәселесін көтеріп жүрген әріптестерімізге, фельдшерлерге, медицина қызметкерлеріне бағытталған сын-пікірлер орынсыз. Мұны министр де айтқан", – деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев ведомствоның жалақыны өсіру бойынша жоспарын да жария етті.

"Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметпен бірге жалақыны көтеру мәселесін қарастырып жатыр. 2020-2023 жылдары дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өсті. 2024 жылға дейін медициналық емес қызметкерлердің, соның ішінде жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы 18%-ға көтерілді. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр, тиісті есептеулер дайын. Үкімет қолдаса, келесі жылдан бастап жалақыны арттыруды жоспарлап отырмыз", – деді вице-министр.

Ол кей қызметкерлердің қазіргі айлық мөлшерін де нақтылады:

Сұлтанғазиевтің айтуынша, жалақы қанша пайызға өсетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесіп талқыланып жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары