«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2022 жылы "АрселорМиттал Теміртауда" екі мыңға жуық заң бұзушылық анықталды

2022 жылы "АрселорМиттал Теміртауда" екі мыңға жуық заң бұзушылық анықталды

"АрселорМиттал Теміртауда" 2022 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында екі мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы брифингте ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлімдеді. 

Ол анықталған заң бұзушылықтардың нәтижелері бойынша оларды жою мерзімдері белгіленген нұсқамалар берілетінін еске салды. Кейін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жауапқа тартылады.

"Нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру орындалады. Егер заң бұзушылықтар түзетілмеген жағдайда, заңды тұлға берілген нұсқаманы жоймағаны үшін жауапқа тартылады", - деп түсіндірді спикер.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz
Автор
Еркебұлан