"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2019-2020 жылдарға арналған ҰАТ топтарының қатысушылары іріктелді

2019-2020 жылдарға арналған ҰАТ топтарының қатысушылары іріктелді
25 Желтоқсан 2018, 17:36 244 0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесі 2019-2020 жылдарға арналған ҰАТ топтарының қатысушылары мен басшыларын іріктеп алды.

Астанада ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың төрағалығымен азаптаулардың және басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

ҰАТ құрамына іріктеу нәтижесінде 179 үміткерден 109 қатысушы қабылданды, оның ішінде аймақтық топтар құрылып, олардың басшылары тағайындалды.

БҰҰ Азаптауды болдырмау жөніндегі кіші комитетінің ұсынысына сәйкес ҰАТ қатысушысының мандат мерзімі бір жылдан екі жылға дейін ұлғайтылды.

Өткен жылғы ҰАТ жұмысының нәтижелерін қорытындылай келе, ҚР Омбудсмені мандатпен басқарылатын мекемелерде адам құқықтарын сақтау жағдайларын жақсартудағы жоғары көрсеткіштерін атап өтті. Сондай-ақ, бұл мекеме мемлекеттік дамудың оң көрсеткіші және ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізудің үлгісі болып табылатынын атап өтті.

Отырыс барысында ҰАТ қатысушыларының 2018 жылғы жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамасын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар