Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Айгүл Асанбердіге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сыр бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі қазіргі уақытта жүрегіне жақын адамы бар екенін жасырмай айтып, бұл сезімнің жылдар бойы жалғасып келе жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, ол адамға деген махаббаты талай әндерінің дүниеге келуіне себеп болған.
«Күйеуіммен 24 жыл бұрын ажырастық. Бір ұлым бар. 20 жыл бойы бір адамға ғашықпын, жақсы көремін. Қарым-қатынасымыз өте жақсы әрі жақын. Бірақ біз бөлек тұрамыз. Менің мінезімнен, бәлкім, баршылығымнан да болар. Ол кісімен тек жақсы араласамыз. Баянсыз махаббат. Шын ғашықтар қосылмайды дейді. Бірақ ол кісі болмаса менің біраз лирикалық әндерім өмірге келмейтін еді. Әндерімнің барлығы дерлік махаббат туралы», – деді өнер иесі.
Сонымен қатар, әнші қазіргі таңда қайта тұрмыс құруға аса қажеттілік сезінбейтінін де атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде өзін-өзі қамтамасыз ете алады әрі ақылдасатын, сыр бөлісетін адамы бар.
Меруерт Түсіпбаева бұл сұхбатында махаббаттың әрдайым бірге болумен өлшенбейтінін, кей сезімдердің алыстан да сақталатынын аңғартты.