KZNews.kz
Саясат

2 күннен кейін Украина-Ресей арасындағы соғыс тоқтауы мүмкін

KZNEWS
Фото: ашық дереккөзден алынды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен 27 қарашада – Thanksgiving (Өтініш айту күні) қарсаңында кездесуге әзір екенін мәлім етті. Бұл ақпаратты Axios басылымына Зеленскийдің кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак растады. Оның айтуынша, екі жақ қазіргі уақытта АҚШ–Украина бірлескен бейбіт келісімінің соңғы нұсқасын пысықтап жатыр.

АҚШ пен Украина соғыс аяқталуы мүмкін келісімнің негізгі тұстарын алдын ала мақұлдаған. Бірақ басты түйін – аумақ мәселесі. Трамптың бұрынғы 28 тармақтан тұратын жоспары Ресейге қазіргі бақылауынан тыс қосымша жер беру мүмкіндігін қарастырған болатын. Бұл Киевте де, Батыстағы одақтастар арасында да қарсылық туғызды.

Қазір бұл құжат қайта өңделіп, 19 тармаққа қысқарған. Ермактың айтуынша, жаңа нұсқа Киевтің «қызыл сызықтарын» ескеріп, Украина мүддесіне жақындаған.

Axios-қа берген сұхбатында Ермак Зеленскийдің келіссөздерді аяқтау үшін Трамппен тікелей сөйлескісі келетінін айтты.

Ермактың сөзінен:

«Президент Зеленскийдің сапары мүмкіндігінше тез болуы маңызды. Бұл Трампқа өзінің тарихи миссиясын – соғысты тоқтатуды – жалғастыруға мүмкіндік береді. Егер ол “Украинамен ортақ ұстанымға келдік” десе, Ресеймен сөйлесуге жол ашылады».

– Тараптар арасындағы негізгі келіспеушілік – территория.

– Ресей СІМ жетекшісі Сергей Лавров Трамп пен Путин арасындағы бұрынғы түсінісу өзгерсе, Мәскеу позициясын қайта қарайтынын ескертті.

– Украинада Ермактың аты аталып жатқан саяси-сыбайлас жемқорлық дауылы келіссөздерге қысым түсіріп отыр. АҚШ шенеуніктері мұндай даулар Киевтің позициясын әлсіретуі мүмкін екенін айтқан.

Қандай кепілдіктер талқыланып жатыр?

Жаңа жоспардың ең маңызды бөлігі – АҚШ пен Еуропа елдері тарапынан Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері. Ермактың айтуынша:

– кепілдік «құқықтық күшке ие» болады;

– ұзақ мерзімді қорғау механизмдері құжатқа ресми енгізілуі мүмкін;

– НАТО-ға мүшелік туралы конституциялық курс сақталады, бірақ қазіргі құжат нақты реалистік жағдайды негізге алады.

Бір апта бұрын Трамп Зеленскийді «келісімге қол қоюға асықтырған» еді. Зеленский бұл ұсынысты «Украинаның абыройын аяққа таптайтын құжат» деп бағалаған. Ал бүгінгі көрсетіліп отырған оптимизм – дипломатиялық динамиканың күрт өзгергенін білдіреді.

Егер кездесу шынымен 27 қарашада болса және Киев пен Вашингтон ортақ позицияға келсе, Трамптың Путинмен келіссөзі жаңа кезеңге өтуі мүмкін. Дегенмен, Киевке бағытталған түнгі ресейлік соққылар Ресейдің бейбіт келіссөздерге әзір емес екенін көрсетеді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары