KZNews.kz
Қоғам

“18 литр қан құйылды” - Шымкентте босануға барған әйел перзентханада көз жұмды

Ayzhan Sylanova

Марқұмның анасы Нышангүл Тулеева дәрігерлердің салғырттығын айыптап, қызына уақытылы көмек көрсетілмегенін айтты. Айтуынша, босанғаннан кейін қызуы көтерілген Заринаға антибиотик салған соң жағдайы күрт нашарлаған. Кейін дәрігерлер “сепсис” диагнозын қойған.

“Адреналин салмаған, жатырда вирус бар деді. Алматы мен Астанадағы мамандармен онлайн кеңескендерін айтып, жатырды алу керек деді. Сол арада 18 литр қан құйылды, бірақ оның қайда кеткенін түсіндірмеді”, – дейді марқұмның анасы.

Заринаның артында жаңа туған сәбиі мен екі жасар баласы қалды. Отбасы дәрігерлердің әрекетіне күмән келтіріп, әділ тергеу жүргізуді талап етуде.

Қалалық №1 перзентхана өкілдері өздерін кінәлі санамайды. Орталық бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Махашеваның айтуынша, науқастың өмірін сақтау үшін барлық клиникалық шаралар қолданылған, ал түпкілікті қорытынды сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары