Әлеуметтік желіде 17 жыл бойы құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбай жүргізетін арнаға берген сұхбаты тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Сұхбат барысында Құндыз бен Назгүл өздерін қамқорлығына алған Зүлфия Төлегенова туралы бұрын айтылмаған жайттарды баяндады.
Құндыздың айтуынша, оған белгісіз дәрілер берілген.
"Маған дәрі ішкізетін. Өзім ішкім келмейтін. Дәріні ішкеннен кейін басым айналып, өліп қалған адамдай күйге түсетінмін", – деді ол.