KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“17 жылдық еңбек”: Мектеп ұжымы аула сыпырушыны зейнетке ерекше құрметпен шығарып салды

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысының Абай қаласындағы №1 мектепте 17 жыл бойы аула сыпырушы болып еңбек еткен азаматты әріптестері ерекше құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды деп хабарлайды kznews.kz.

Мектеп ұжымы үшін бұл күн жай ғана әріптесімен қоштасу емес, жылдар бойы маңдай терімен еңбек еткен жанға ризашылық білдірудің ерекше сәтіне айналды. Ұжым оның еңбегін бағалап, зейнет жасына шығуын жылы лебізбен атап өткен.

Аталған оқиға әлеуметтік желіде де көпшіліктің назарын аударды. Азаматтың жиені мектеп ұжымының бұл әрекетіне ризашылығын білдіріп, қарапайым еңбек адамын құрметтеудің маңызына тоқталды.

«Ақша мен мансап алдыңғы орынға шыққан заманда қарапайым еңбек адамына осындай құрмет көрсету – үлкен өнеге. Мектеп ұжымы адамдық қасиетті, сыйластық пен еңбекті бағалауды бәрінен жоғары қоятынын көрсетті», – деп жазды ол.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →