KZNews.kz
Жаңалықтар

17 жастағы қасапшы жігіт өз анасының басын кесіп, жерге көміп тастады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Ресейдің Екатеринбург қаласында отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды – 20 жастағы жігіт өз анасын өлтіріп, денесін жасырған. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Тергеу деректеріне сүйенсек, анасы мен баласының арасында тұрмыстық және жұмысқа байланысты жиі келіспеушіліктер болған. Тағы бір дау кезінде ұлы ашуға беріліп, анасын өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған. Ал басын басқа жерге көміп тастаған.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін мал союмен айналысқандықтан, қылмысты жүзеге асыру оған қиындық тудырмаған.

Қылмыстан кейін ол ізін жасыра алмай, полиция қызметкерлері тарапынан сол маңнан ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ресейдің Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты қасақана адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғап, қанды оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары