"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

16 қаңтар күнгі ауа райы

16 қаңтар күнгі ауа райы
Фото: Pixabay.com

16 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде күн жауын-шашынды болады. “Қазгидромет” РМК мамандарының хабарлауынша, республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел екпіні 25 метрге күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында тұман түседі. Астанада 9 градус аяз, Алматыда 5 градус жылы, Шымкентте 9 градус жылы болады.

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, көктайғақ пен боранға байланысты республикалық, облыстық маңызы бар бірқатар автокөлік жолы жабық тұр. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында тау өзендерінің тасу қаупі бар.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Санжар