ка

Жауын-шашын, тұман мен бұрқасын. 11 қаңтар күнгі ауа райы

11.01.2019 07:40
0
2
Қысқы жауын
Фото: Smi44.ru

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын. “Қазгидромет” РМК мамандары 11 қаңтарда атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің аумағында ауа райы тағы да құбылмалы болатынын хабарлады.

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 25 метрге дейін күшейетін жел соғады. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Астанада 16 градусқа дейін аяз болады. Алматыда 3 градусқа дейін, Шымкентте 4 градусқа дейін жылы болады.

Тағы да оқыңыз: Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий