KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“15 жыл елді алдады. Кешірім сұрасын!”: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовқа қатысты мәлімдеме жасады

• Айжан Сыланова
Фото: Ulysmedia.kz

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі оқырманына жауап беріп, бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған жауап берген Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайының әрекетін сынға алып, халықтан кешірім сұрауы керектігін жеткізді.

«15 жыл материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді алдап. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша істегені үшін Қазақ елінен кешірім сұрау керек-ау», – деп жазды әнші.

Өнер иесінің бұл пікірі әлеуметтік желіде талқыланып, оқырмандар арасында түрлі көзқарас тудырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →