"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

13 жастағы оқушы TikTok үшін суицид жасаған сәтін видеоға түсірді

13 жастағы оқушы TikTok үшін суицид жасаған сәтін видеоға түсірді

Алматы облысында 13 жастағы жасөспірім қыз өзін өлтірмек болған сәтін видеоға түсірді. Ол мұндай қадамға әлеуметтік желіде елдің назарын аудару үшін барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жасөспірім Іле ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде оқиды. 18 сәуір күні ол полицияға хабарласып, көпқабатты ғимараттың шатырынан секіріп, өзіне қол жұмсайтынын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен учаскелік полицей қызды райынан қайтарды. Кейін қыз шын мәнінде суицид жасау ойында болмағанын, мұны тек ұялы телефонға түсіріп, желіге жариялау үшін жасағанын айтты. Яғни, қыз өзінің әрекеті мен полицейлермен болған әңгімені видеоға түсірмек болған.

Оқушы сабаққа кешіккен соң, бос уақытын осылай өткізбек болыпты.

"Жасөспірім берекелі жанұядан шыққан. Мектеп әкімшілігі қызға тек оңды баға береді. Өзінің біртүрлі қылығын қыз TikTok қолданушыларының назарын аударғысы келгенімен түсіндірді", - деп хабарланды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары