Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

12 наурыздан бастап жол бойындағы камералар айыппұл салудың жаңа тәсілін қолданады

12 наурыздан бастап жол бойындағы камералар айыппұл салудың жаңа тәсілін қолданады
Фотоиллюстрация: Kznews

12 наурыздан бастап жол бойындағы камералар қауіпсіздік белдігін тақпаған шопырларды және телефон ұстаған жүргізушілерді автоматты түрде анықтап, тіркеп, айыппұл сала бастайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін мұндай заңбұзушылықтарды негізінен жол-патрульдік полиция қызметкерлері анықтайтын. Енді арнайы камералар жүргізушінің тәртібін өздігінен бақылап, құқықбұзушылықты тіркей алады.

12 наурыздан бастап жол қозғалысы ережесін бұзудың тағы бірнеше түрі автоматты түрде тіркеледі. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген түзетулердің күшіне енуімен байланысты.

Қазіргі уақытта автоматты жүйе алты құқықбұзушылықты тіркейді. Дәлірек айтсақ жылдамдықты арттырған жағдайда, бағдаршамның қызыл түсінен өтсе, жол белгілері мен жол таңбаларының талабын бұзса, көлігін дұрыс емес жерге тоқатып немесе қалдырып кетсе, озу және жолда орналасу ережесін бұзса, жаяу жүргіншілерге жол бермеген жағдайда автоматты түрде айыппұл салынады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.