«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 12 ақпан, бейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды Kznews.kz.
Жетісу облысының шығысы, орталығы және таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Шығыс пен таулы аудандарда солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Облыстың шығысында солтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы мен Қонаевта да кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыс желі түнде 15-20 м/с, кей сәтте 25 м/с дейін, күндіз 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Петропавлда жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын соғады, күндіз солтүстік пен шығыста аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін күшейеді. Өскеменде түнгі температура -15…-17 градус аяз болады деп болжанған.
Абай облысының оңтүстігінде түнде аздап қар жауып, бұрқасын жүреді, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Семейде түнгі ауа температурасы -19…-21 градус аяз болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен шығысында қатты жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі, таулы аудандарда қалың қар түсуі мүмкін. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, көктайғақ және кей уақытта тұман болжанады. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Таразда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбіне қар), тұман және көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік пен таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Шымкент пен Түркістанда да жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстікте оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылордада да кей уақытта тұман түсіп, күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодарда да түнгі жел екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде солтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Көкшетауда түнгі жел екпіні 15 м/с шамасында болады.