«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
10 Желтоқсан 2018, 08:15 523 0

Фото: inform.kz

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, оңтүстік циклонның шығуына байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік аймақтардың кей жерінде жауын-шашын болады, қалған аумағында аязды ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Aлматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінрде тұман, көктайғақ түседі.

Aқмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Aтырау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар