Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы бұрынғы қонақүйіне қатысты тағы дау шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1 млрд $: Үкімет тағы да сырттан қарыз алатын болды

1 млрд $: Үкімет тағы да сырттан қарыз алатын болды
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстан билігі бюджет тапшылығын жабу үшін халықаралық қаржы институттарынан тағы да қарыз алу туралы шешім қабылдауда.

Атап айтқанда, Үкімет республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және экономиканың тұрақтылығын сақтау мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарынан шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз тартуды жоспарлап отыр екен.

Мәжілісте қаралып жатқан келісімге сәйкес, еліміз Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 млрд иен көлемінде несие алады. Бұл шамамен 600 млн АҚШ долларына тең қаражат. Ал қарызды өтеу мерзімі 11 жыл, оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі ретінде қарастырылған көрінеді.

Сонымен қатар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі тарапынан да Қазақстанға 400 млн АҚШ доллары көлемінде, жалпы 1,2 пайыздық мөлшерлемемен қарыз беру туралы шешім мақұлданған.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк халықаралық нарыққа 1,5 млрд доллар көлемінде еурооблигациялар шығару жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, тартылатын қаражат республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Ал қарыздарға қызмет көрсету мен оларды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады екен.

Қорыта айтқанда, мұндай шешімнің қабылдануы Қазақстан бюджетіне түсетін қысымның жоғары екенін көрсетеді. Яғни, мұнай бағасының құбылуы, Ұлттық қордан алынатын трансферттердің жоғары деңгейі және мемлекеттік шығыстардың өсуі жағдайында Үкімет сыртқы қаржыландыру көздерін белсенді пайдалануға мәжбүр болып отыр.

Ал халықаралық қаржы институттарының несиелері коммерциялық қарыздарға қарағанда тиімдірек саналады. Алайда, сыртқы қарыз көлемінің артуы болашақта бюджетке қосымша жүктеме түсіріп, қарызға қызмет көрсету шығындарын көбейтуі мүмкін.

Сондықтан қаржы сарапшылары қарыз алумен қатар бюджет кірістерін арттыру және шығыстардың тиімділігін күшейту мәселесіне назар аудару қажет екенін де ескертеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.