Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«1 литр қымыз іштім»: Мақпал Жүнісова тағы да желіні шулатты

«1 литр қымыз іштім»: Мақпал Жүнісова тағы да желіні шулатты

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова таңғы сағат 05.00 шамасында жеке парақшасында видео жариялады.

“Құрметті мені жақсы көретін жандар! Жек көретін жандарға да сәлем беріп қояйын. Жалпы, мен өмірге разымын. Әрбір күнім үшін Аллаға шүкір. Мені даттасаңыздар да жамандасаңыздар да өздерің біліңдер. Шөптің басы бекер қимылдамайды. “Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой. Анда-санда бұзып қой” дейді. Бұзатын кездерім болады. Бірақ сіздер мені кешіресіздер. Мен мас емеспін. 1 литр қымыз ғана іштім. Мен де адам баласымын. Үйімнің құрылысы бітпей жатыр. Соған ашуланып қаламын. Жалғыз өзім жүрген қатын емеспін ба?”, – деп мұңын шақты өнер иесі.

Әншінің оқырмандары халық әртісін қолдап, оған түрлі жылы сөздерін жазып жатыр.
“Дұшпан көп кезде мынадай түрмен шыққаныңыз болмады”, “Өшіріп тастаңызшы видеоны”, “Сізді жақсы түсінеміз. Ішкі-көңіл күйіңізді айтып жатырсыз”, “Мақпал – аңыз адам”, “Біздің сүйікті әншіміз”, “Немере мен шөберенің қызығын көріңіз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Көп ұзамай өнер иесі жүктеген видеосын жеке парақшасынан өшіріп тастады.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары