Танымал отандық актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары Фариза Бекібай әлеуметтік желіде оқырмандар сұрағына жауап беріп, ортақ балаларына төленетін алимент мәселесіне қатысты ашынған жазба қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.
«Алиментті алу қиынның қиыны — бірде көл, бірде шөл! Почти 4 ай алмадық, даже сұрамаймыз салғанша! Қалғаны өзімнің мойнымда: емі, дәрісі, сабаққа киімі, қыстық-жаздық киімін алып бермейді, сұрамаймыз да», — деп жазды Фариза.
Фаризаның сөзінше, тіпті кішкентай соманың өзі шешілмейді.
«Балам 1000 теңге сұраса да жоқ дейді. Намыстанып сұрама деп ұрсамын, кейде тығылып сұрайды, телефонынан Каспиден көріп қоямын. Өзіммен еріп келген бала сияқты екеуі де», — деп жазба қалдырды.
«1000 теңге мен 1 ручка әпермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін. Той-томалақта өзі керім болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек, еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін!», — деді ол.
Балаларды қыдырту да сирек кездесетінін, үлкен ұлын осы жазда ғана бір рет алып кеткенін атап өтті. Сөзінің соңында Фариза Бекібай бұрынғы күйеуіне қол жаймай, балаларын өзі асырап бағатынын, тек Әділ Жаратқанның несібе береріне сенетінін жазды.
Әзірге актер Әбілмансұр Серіков бұрынғы жарының бұл айыптауларына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.