1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?

1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
Фотоколлаж: Kazinform/ Nano Banana

Бүгінде Астана қаласының демографиялық келбеті жасарып, халық саны тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елордада бүгінде 1 674 699 тұрғын бар. Оның ішінде қаладағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп екені белгіліболды. Осы сәтте Астанадағы 884 029 әйелге 790 670 ер адам сәйкес келеді екен. Бұл гендерлік құрылым урбанизация үдерісінің табиғи ерекшелігін айқындайды.

Жалпы, елорда тұрғындарының орташа жасы 30,9 жас шамасынла. Мамандар мұны Астананың «жас қала» ретіндегі демографиялық статусын дәлелдейтін негізгі көрсеткіштердің бірі деп бағалайды.

Ал 2025 жылы Астанада 27,4 мың нәресте дүниеге келген. Қазіргі таңда қалада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрады екен. Бұл көрсеткіштер елорданың болашақта да демографиялық тұрғыдан қарқынды дамитынын аңғартады.

Айтпақшы, елімізде «Астана» есімі берілген 26 адам тұрады. Бұл елорданың символдық мәнінің қоғамдағы ерекше орнын да көрсетеді.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.