"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды

Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды

Таразда полияция қызметкерлері ерлі-зайыпты екі тұрғынды өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 50 және 52 жастағы тұрғындар көмірмен жылытылатын пештен шыққан улы газға уланып қалған. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Абырой болғанда екеуі де дін аман.

"Санаулы минуттарға кешіккенде, қос тұрғын бақилық болар еді", – дейді тәртіп сақшылары.

Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді.

Автор
Жандос