Зорлық-зомбылықсыз келешек

0

Еліміздің келешегі мен өркендеп дамуына үлес қосып соның ішінде ұрпақ келешегін ойлап, ескініеске алып, жақсысын жаңғыртып, ел ынтымағы мен береке бірлігі үшін тер төгіп, келешекке сенімұялатып, қоғамдық іске үлес қосып, пайдасынтигізіп жүрген азаматтарарамыз да баршылық.

Ұлт болып өмір сүрудің  негізгі төрт тұғыры  болады.

Ол — тарихы тілі, салт дәстүрі, ұрпақ денсаулығы.

Халықтың әкесі-тарих,

Анасы-тілі,

Кұралы салт-дәстүрі-деп те ата бабамыз бекер айтпаған.

 

Осы төртеуінің  біреуі кемісе ұлттық сана әлсіреп ел ұлттық болмысынан айрылады екен.

Сондықтан да осы төрт тұғырды тік ұстап, ұрпак санасына жеткізу оның  рухани дамуына жол ашу тек мемлекеттік мекемелердің ғана мойнында емес қоғамдық бірлестіктер мен зиялы ақсақалдар мен қарт аналардың міндеті деп ойлаймыз.

Алматы облыстық Қазақстан  халқыАссамблеясы жанындағы Қонаев қалалық Аналаркеңесінің жұмысы да осы мақсатқа бағытталған.

Негізінде ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады. Ал Отбасы мемлекет негізін құрайтынын бәріміз жақсы түсінеміз.

Ал отбасы — адам баласының, өсіп-өніп, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, үйі, алтын бесігі.

Отбасы дегеніміз — туысқандық, байланыста болатын, бірлесіп әлеуметтік тұрмыстағы өмірсүретін адамдар тобы: әке-ана, ата-әже немерешөбере. Осы отбасының берік болуына оның мүшелерінің, арасындағы психологиялық бірін-бірі түсінушілік үлкен рөл атқарады. Халқымызда есіктің екі босағасы атанған ерлі зайыптылар. Тек үйленіп қана қоймай оның тағдырына, келешек рухына жауап беретін адамдар екенін түсінуі міндетті.

Отан — отбасынан басталады деген ұғымда көп мағына жатқанын сезініп, отбасы бірлігі қоғам өмірімен де тығыз байланысты екенін түсініп, отбасы құндылыктарын еліміздің салтдәстүрін ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыра өмір сүруі қажет.

Сондықтан да Аналар кеңесі заман ағымына қарай адам жанының құндылықтарының өзгеруін ескере отырып, негізгі адами-имандылық, жанашырлық, парасаттылық, сияқты құнды қасиеттерді сақтап қалуға жас ұрпақтың, ой санасын бағыттауға негізделген өз жұмысын мектеп, колледждармен тығыз байланыстыра отырып «Мәдениетті ана-мәдениетті

ұлт» тақырыбы аясында «Үлгілі отбасы»,«Әжелермен әлем гүлденеді», «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі», «Рухтың күші әкеде»  атты ауқымды іс шаралар ұйымдастырып келеді.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта отбасын құру,оны әрі қарай өмір ағымында аяғынан тік тұрып кетуіне көп мән бере қоймайтын ерлі зайыптылар көп кездесуде. Оның соңы ажырасуға алып келетіні анық.

Ата-анасын қарызға батырып, құда-құдағи арасында реніш туғызып, өз өміріне дақ түсіріп, келешегіне күмән туғызатын жағдайлар жиі кездесуде.

Ажырасу алдында шаңырағы шайқалып, дау-дамайболған отбасында не береке, не бірбіріне деген еш қадыр қасиет калмайды. Ал, ол отбасында бала болса, ол баланың психикасы мен денсаулығына деген зор зияны тиетіні де белгілі. Халқымыз бекер айтпаған «Бір күн жанжал болған үйде, қырық күн береке болмайды» деп. Сонымен қатар отбасында зорлық зомбылық көріп,  психологилық қысымға ұшырап шешімін таба алмай отырған қаншама жан бар. Зорлық зомбылық көріп өмір сүріп жатқан жандарға мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін ана мен бала құқығын қорғау бағытында әр облыстағы аудан, қалалардағы ішкі істер бөлімдерінде, полиция басқармаларында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы құрылып, өз жұмысына кірісуде. Біздіңқаламыздағы бұл топқа басшылық, ететін қалалықполиция инспекторы майор Турлина Гүлмира Тәңірбергенқызы. Биылғы жазда қаламызда әйелдер мен балаларды зорлық зомбылықтан қорғау және өмірлік қиын жағдайда тап болған отбасыларға сапалы әлеуметтік, психологиялық,заңгерлік қызмет көрсету үшін қалалық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жанұя отбасын қолдау» коммуналдық мекемесі ашылды.

Аналар кеңесі көпбалалы аналармен және «Ана сәулесі» орталықтарымен бірлесе тығыз байланыс жасай отырып, әйел құқығын қорғау, отбасықұндылықтарын дәріптеу бағытында жоспарлы түрде бірігіп жұмыс істеуде. Қаламызда 25 ұараша мен 10желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді күрес» Республикалық, акциясы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты отбасылық ана мен балаға бағытталған зорлық-зомбылықтың,құқық, бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу. Осы акция аясындағы іс-шаралармен қатаросы тақырыпта ақпараттық, буклеттер мен жарнамалар даярланып, қала тұрғындарына таратылды. Қонаев  қаласы мектеп-лицейінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы бойынша «әке, ана және мен» спорттық, сайыс өткізумен ашылып, басқа да іс — шаралар мектептер мен колледждерде жалғасын табуда.

29 қарашада Қонаев қалалық орта мектеп гимназияда «Девиантты мінез кұлықты балаларды анықтау, жұмыс істеу және кәмелетке толмағандар ісі және олардың,  құқық бұзушылығының алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы» тақырыпта кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа қалалық  Ақсақалдар, Аналар кеңестері, құқық корғау, білім, ішкі саясат бөлім мамандары, мектеп басшылары өзара пікір алмасып өз ойларымен бөлісті.

Ұрпақ келешегі отбасы тәрбиесіне тікелей байланысты «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші осы бағытта «Бақытты отбасы, бақытты болашақ» такырыбы аясында«Атаналық, міндетті сезіну» тақырыбы бойыншааналар кеңесі мен жастар ресурстық орталығықаламыздағы көпсалалы колледжде студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Осы колледж басшылығының  ұйымдастыруымен 05желтоқсанда қалалық  Аналар кеңесімен Қонаев қалалық Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының басшысы Г.Турлина, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы психологы Л.Исабаева, «Арна» мәдениет үйі директоры педагог-психолог А. Шинибаева, облыстық жастар ресурстық орталық бөлім басшысы Д.Жұмаханныңқатысуымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ»такырыбында кеңейтілген отырыс өткізілді. Студенттер сұрақ жауап түрінде пікір алмасып, келешек отбасын кұруға бағдар берілді.

Алматы облысының

Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрағасы

Нүсіпбекова Дәметкен Таласбекқызы