Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты
Алматы облысындағы басты аудандардың бірі — Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері — ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты аудандаөткен жылы нақты көлем индексі 103,5%-дыкөрсетіп, жалпы ішкі өңірлік өнім 62 млрд. 114,2 млн. теңгеге жетіп жығылды,деп хабарлайдыөңірілік коммуникациялар қызметі.
Балқашауданындағы егіс алқабының көлемі 30 мыңгектардан асады. Соның ішінде, жаздық дәндідақылдар 14614,5 га аумақты алып жатыр. Өткенжылы осы егістіктің 6917,5 гектар жеріне күрішөсірілген. Қарашасын ақ алтыны асырған мекендеөткен жылы 30 160 тонна күріш алынып, орташаөнімділік 43,6 ц/га жетті. Диқандарды мемлекеттарапынан қолдау тұрақты түрде жүзегеасырылған. Мәселен, былтыр көктемгі дала жұмыстарына 811 тонна, күзгі дала жұмыстарына747 тонна арзандатылған дизель отыны берілген. Биылға жағар-жанармайға қажеттілік 520 тоннаныкөрсетіп, сұраныста жіберіліп үлгерген. Балқашауданындағы халықтың басты табыс көздерініңқатарында мал шаруашлығы да бар. Қазіргі таңдаауданда 839 шаруа қожалықтары тіркелген. Сәйкесінше, аймақтағы ірі-қара мал 96 100 басқажетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 105,2 пайызға өсті.
2023 жылы ет өндірісі 107,2 %-ға артып, 20 500 тонна тірі салмақты ет өндірілді. Аудан көлеміндеасыл тұқымды ірі-қара малын өсіру қарқындыдамуда. Бүгінге «Динара Ранч» ЖШС, «Желтораңғы» ЖШС, «Бірлік АЖА» ЖШС, «Жақсылық», «Марқа» және «Руслан» шаруақожалықтары асыл тұқымды 20573 бас ірі-қарамалын өсіріп, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
«Бүгінгі күні , сүт бағыттағы мал шаруашылығындамыту мақсатында былтыр «Динара Ранч» ЖШС-і 1,2 млрд. теңгеге 1000 бас «Голштейн» тұқымдысүтті бағыттағы ірі қара мал басын сатып алып, тауарлы сүт фермасын кеңейтті»,-деді Балқашауданының әкімі Азат Құтпанбетов.
Сүт фермасында Ирландия елінен алынған«Dairymaster» сүт сауатын құрылғысы орнатылған. Фермада 85 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда күніне 25-30 тонна сүт өндіріледі.
Ауылдағы ағайынның әлеуметтік жағдайынжақсарту үшін, ауданда біршама мемлекеттікжобалар іске асырылуда. Атап айтар болсақ, «АуылАманаты» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 81 тұрғын 553,5 млн.теңге қаражат алды. «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 9 жоба әзірленіп 147,5 млн.теңге, «Агробизнесте» 29 жоба дайындалып589,8 млн.теңге, «Іскер» бойынша 4 жоба әзірленіп24,7 млн. теңге несие берілді.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 14,0 млн. теңгегеинновациялық грант бөлінді.
Азат Үкітайұлының айтуынша, мемлекеттарапынан кәсіпкерлерді қолдау нәтижесіндеауданда 20 жаңа шағын кәсіп ашылды. Балқашауданында 2 589 шағын бизнес субьектілерітіркелген. Мұнда 6145 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде бизнес өкілдерінен салық пен міндеттітөлемдер — 574 млн. теңге.
Өндірісі өркендеген ауданда тұрғындардыңтұрмысына қолайлы жағдай жасау ісі де назардантыс қалған емес. Қатты отынның әлегінен құтылғанқарашаның саны арта түсуде. Қазіргі таңда Бақанасауылының ішкі газ желілеріне газ беріліп, 150 үйкөгілдір отынға қосылды.
«Бұл жұмыстар жалғасуда. Жыл аяғына дейінБақанас ауылында 700 үй, Ақдала ауылында 300 үй, Бақбақты ауылында 400 үй, Бірлік ауылында200 үй, Миялы ауылында 100 үй, Бояулы ауылында30 үй, барлығы 1730 үй газға қосылатын болады. Сондай-ақ Ақжар, Ақкөл, Үшжарма, Бура, Береке ауылдарына газ желісін тартуға ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілуде»,-деді өз сөзінде Балқашауданының әкімі.
Сонымен қатар, бұқара үшін жол мәселесіде кезең-кезеңімен шешімін табу үстінде. Аудан бойыншаавтомобиль жолдарының жалпы ұзындығы -240,4 шақырым. Ресми мәліметтер, қара жолдыңжағдайы 33%-ға жақсы екенін көрсетсе, 27% -ы қанағаттанарлық деңгейде, ал тозығы жеткен күрежолдың үлесі 40%-ды көрсетуде.
«Ауданның ішкі жолдары бойынша 7 жобаныңорташа жөндеу жұмыстарына 765 млн. теңгебөлінді. Ашып айтар болсам, Ақжар ауылындағыБәрібаев көшесіне 59 млн. теңге, Бақанасауылындағы Алтынсарин көшесіне 84 млн. теңгежәне ауыспалы нысан Бақанас ауылындағыСолтүстік-Батыс көшелерінің құрылысжұмыстарына 512 млн. теңге, барлығы 9,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде»,-деп атап өтті спикер. Сонымен қатар ауданаумағында 516 шақырым облыстық маңызы бар жолдар бар. Соның ішінде өткен жылы «Топар-Ақжар» жолынна 511 млн.теңге бөлініп, 12 км жолтегістеліп, асфальт төселді.
Баспасөз мәслихаты барысында Азат Үкітайұлыауыз су мәселесінеде тоқталды. Сөзіне сенсек, аудандағы 20 елді мекен орталықтандырылғанауыз су жүйесіне қосылған. Жалпы, Балқашжерінде ауыз су жүйесінің ұзындығы — 175,8 км. Елді мекенге шаққанда ауыз сумен қамтылу 71,4% болса, халық санына шаққанда таза ауыз суменқамту 95,5 пайызды құрады.
Еске саламыз, Балқаш ауданында құрылысжұмыстарының қарқыны жоғары. Өңірде соңғы 11 айда құрылыстағы нақты көлем индексі 102,4%-ғажетті.
«2023 жылы 1400 шаршы метр 20 жалгерліктұрғын үй қолданысқа өтті. Жеке сектор есебінен1790 шаршы метрлік 18 тұрғын үй кілтітабысталды. Ал, биылдыққа Бақанас ауылындажалпы сомасы 1 624,7 млн.теңге болатын екібірдей жалгерлік тұрғын үй құрылысыжүргізілуде»,-деді Азат Құтпанбетов.
Жиын соңында, аудан басшысы аймақтың туристікәлеуетіне шолу жасады. Айтуынша, ауданда 28 туристік нысан жұмыс жасап тұр. Статистикалықдеректерге сүйенсек, соңғы 11 айында 859 туристке қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтіңкөлемі 50 млн. 378 мың теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 118,6%-ғаұлғайған жайы бар.