«Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстырылымы өтті
«Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстыру мақсатында ZOOM конференциясы арқылы Талғар және Іле аудандарының әкімдіктерімен онлайн режимде кездесу өткізілді. Кездесу барысында деректерді толтыру және функционалды жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, қызметкерлерге АЖ-ға кіру үшін есептік жазбалар берілді. Бұған дейін де “Алматы облысының цифрлық көшірмесі” ақпараттық жүйесін таныстыру мақсатында Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына барған еді. Басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жобаны мәдениет объектілерімен толықтыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ жоба бойынша ұсыныстар енгізілді.
Осыған байланысты 21 сәуірде басқарма Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Таныстыру барысында ақпараттық жүйені деректермен толықтыру мәселелері талқыланып, жоба бойынша ұсыныстар енгізілді. Қызметкерлерге одан әрі жұмыс істеу үшін АЖ-ға кіру мүмкіндігі берілді.
Еске сала кетейік, оған дейін 13 сәуірінде Басқарма Алматы облысының жер қатынастары басқармасы үшін «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесінің презентациясын ұйымдастырған еді. Презентация барысында жер қатынастары саласындағы деректермен толықтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, сондай-ақ АЖ функционалын жақсарту бойынша ұсыныстар жиналды, оны әзірлеушілер болашақта жүйеге енгізу үшін қарайтын болды.