Түрмеден қашып құтыла алмайды: Қазақстанда педофилдерге қатысты жаңа заң жобасы мақұлданды
Қазақстанда педофилдердің жазасын өтеу шарттары күшейтілмек. Бұған қатысты заң жобасын бүгін мәжіліс мақұлдады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Елімізде педофильдерді қатаң режимдегі колонияға жіберу мәселесі талқыланды. Бірақ химиялық кастрация жазасына кесу мәселесін судья шешетін болады.
Оған қоса, педофильдер арнайы кешірім бойынша мерзімінен бұрын босатылмайтын ауыр қылмыскерлер қатарына жатқызылмақ. Заң жабасын ұсынушылар жаңа ережелер балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты болатынын жеткізілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев заңның нақты қандай талаптарға сүйенетіні туралы айтып берді.
«1870-тен астам адам бас бостандығынан айыру орындарында, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін сотталған. Олардың ішінде 1300 жазасын өтеуші қатаң бақылауға алынған. Кейбіріне қатысты тергеу амалдары жалғасуда», — дейді Қожаев.