Сенат Каспий теңізіндегі «Құрманғазы» кенін әрі қарай барлауды бекітті

0

Жалпы отырыста сенат депутаттары «Қазақстан мен Ресей арасынжа Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қайраңын пайдалану мақсатында бөлу туралы 1998 жылдың 6 шілдесіндегі» хаттамаға қосымша хаттаманы бекітті.

Қараша айында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев «ҚазМұнайГаз» бен «Роснефть» Каспий теңізінде «Құрманғазы» кенін зерттеуге кем дегенде 30 миллион доллар бөлінетінін журналистерге хабарлаған. «Құрманғазы» жобасы 2005 жылы , шілдеде өнімді бөлу туралы келісім аясынжа жүзеге асады.

Болжам бойынша, «Құрманғазы» кенінде шамамен бір миллиард тонна көмірсу ресурсы өндірілуі мүмкін. 2017 жылы қарашада Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу туралы мемлекетаралық келісімге қосымша хаттама қабылдады.

Сенат бекіткен қосымша хаттама барлауға қосымша алты жыл беруді, одан соң тағы төрт жылға созуды қарастырады.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/