ЭКСПО-ға келіп қазақ жігітінен бала сүйген конголық Мониканың қазіргі жағдайы қалай? (фото)
ЭКСПО-дан кейін әлеуметтік желіде Моника есімді қара нәсілді әйелдің оқиғасы қызу талқыға түскен болатын. Моника Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде табыс табу үшін келген. Алайда оның өмірі бір мезетте түбегейлі өзгерді. Моника қазақ жігіттен бала сүйгенімен, өз «сүйіктісін» таба алмай қалды. Моника Камукендж Камганза «Аналар үйіне» орналастырылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі Мониканың жағдайы туралы «Қорғау Астана» қорының жетекшісі Анна Рыль фейсбук парақшасына жазды. Мониканың сәбиіне Блессинг деген ат қойған. Бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда «Құдай берген» деген мағынаны білдіреді.
♦Қасымов конголық әйелдің күйеуін іздейді
«Бүгін біз Мониканы біздің орталықтан 6 айға мерзімге дейін тұра алатын «Аналар үйіне» шығарып салдық. Осы орайды пайдаланып біз серіктесіміз «Аналар үйіне» алғыс айтамыз. Моника біздің орталықта маусым айынан бастап тұрды. Бір өкініштісі, қазір біздің қордың мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне қазір жылдың басы. Сонымен бірге біз халықаралық Қазақстанға қоныс аудару ұйымына алғыс айтамыз. Олар бізге перзентханаға ақша төлеп, сәбиге күтім жасап, керек-жарағын сатып алуға қол ұшын созған болатын», — деп жазды Анна Рыль.
«Қамшы» сілтейді