Конфедерация кубогының чемпиондары белгілі болды

0

Алматы қаласы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Конфедерация кубогының финалдық бәсекелері аяқталып, жеңімпаздар анықталды. Бокстан Маңғыстау облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей 4:5 есебімен ұтып, бүгін Конфедерация кубогының үш дүркін Чемпионы атанды.

Бокстан финалдық бәсекеде Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы кездескен болатын. Өте тартысты өткен кездесуде 5:4 есебімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті.

Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Түркістан облысы сапынан С. Бибосынов, Қ. Ерәлиев, Н. Райыс, Б. Нұрмағамбеттер жеңіске жетті.

Маңғыстаулық боксшылар қатарынан С. Толтаев, М. Өскенбек, Б. Нұрдәулетов, А. Дәуренұлы қарсыластарына дес бермеді.

Қосымша жекпе-жекте маңғыстаулық Б. Жедібаев намысқа тырысып, өз командасына жеңіс әперді.

Осылайша, бірінші орынды Маңғыстау, екінші орынды Түркістан облысы иеленді. Үшінші сатыда Қарағанды облысы мен Астана қаласы боксшылары көрінді.

Қазақ күресінен қарағандылық «Қарағанды облысы қазақ күресі» спорт клубының спортшылары 2017 жылғы Конфедерация кубогының жеңімпаздары «Қазақ күресі» спорт клубының спортшыларын 3:5 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы болды.

Еркін күрестен Шығыс Қазақстан облысының балуандары Астана қаласының спортшыларын 4:2 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды. Ал грек-рим күресінен Алматы облысының боз кілем шеберлері Алматы қаласының спортшыларын 4:2 есебебімен айқын басымдықпен ұтты.

Таеквондодан Алматы қаласының құрамасы Түркістан облысының спортшыларын 82:42 есебімен ұтып, мықты екендерін дәлелдеді.
Ал татами шеберлері арасында өткен тартысты бәсекеде Атырау облысы Қарағанды облысының спортшыларынан 4:2 есебімен басым түсіп, 2017 жылғы чемпиондарды жеңді.

Жеңімпаздар 25 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың жалпы жүлде қоры 145 млн теңгені құрайды. Жарыс ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатыр.

Конфедерация кубогының нәтижелері:

Дзюдо
Атырау облысы
Қарағанды облысы
4:2

Бокс
Түркістан облысы
Маңғыстау облысы
4:5

Таеквондо
Алматы қаласы
Түркістан облысы
82:42

Қазақ күресі
СК «Қазақ күресі» (Алмматы қаласы)
СК «Қарағанды облысы қазақ күресі»
(Қарағанды облысы)
3:5

Еркін күрес
ВКО
Астана қаласы
4:2

Грек-рим күресі
Алматы қаласы
Алматы облысы
2:4

Дереккөз: https://abai.kz/