Футзалдан әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

0

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің алғашқы және негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстан құрамасы жарыс жолына іріктеудің негізгі кезеңінен бастап шығады.

Футзал. Әлем чемпионаты-2020 іріктеу турнирі

Алғашқы іріктеу кезеңі:

А тобы: Латвия, Англия, Кипр, Гибралтар.

В: Беларусь, Норвегия, Косово, Андорра.

С: Македония, Албания, Греция, Сан-Марино.

D: Грузия, Дания, Германия, Израиль.

Е: Бельгия, Швеция, Армения, Мальта.

F: Босния және Герцеговина, Түркия, Швейцария, Шотландия.

G: Голландия, Черногория, Болгария, Эстония.

Н: Финляндия, Молдова, Уэльс, Солтүстік Ирландия.

Алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылдың 29 қаңтарынан 3 ақпаны аралығында өтеді.

Негізгі Кезең:

1 топ: Испания, Польша, алғашқы іріктеу кезеңгі D тобының жеңімпазы және Н тобында екінші орын алған команда.

2: Украина, Словения, С тобы жеңімпаз, В тобы екінші орын.

3: Әзербайжан, Словакия, H тобы жеңімпаз, G тобы екінші орын.

4: Италия, Венгрия, B тобы жеңімпаз, А тобы екінші орын.

5: Қазақстан, Румыния, G тобы жеңімпаз, С тобы екінші орын.

6: Сербия, Франция, Е тобы жеңімпаз, F тобы екінші орын.

7: Ресей, Хорватия, F тобы жеңімпаз, Е тобы екінші орын.

8: Португалия, Чехия, А тобы жеңімпаз, D тобы екінші орын.

Бұл кезеңнің ойындары 2019 жылы 22-27 қазан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегінен 4 қазанына дейін Литвада өтеді.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/