Астанадағы өрт трагедиясы: «Хазрет Сұлтан» мешіті жалпыхалықтық көмек жинап жатыр

1

Дүйсенбі күні түнде Астана қаласы Қоқтал тұрғын үй кешенінде болған жантүршігерлік өрт салдарынан бір отбасының 5 баласы қайтыс болды.

«Хазрет Сұлтан» мешітінің жанынан құрылған жедел көмек көрсету тобы балалардың анасының карта номерін көрсетіп, ауыр қайғы үстіндегі көмекке мұқтаж жандарға барлық қазақстандықтардан ақшалай және рухани жақтан демеу беруін сұрап отыр.

Ситер Жанымкуль
Каспий банкіндегі шот нөмірі: 5169 4931 5217 1321 
ЖСН: 860806451497.

Қаза тапқан балалардың анасы пластикалық карталар шығаратын зауытта істейді, ал әкесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, техникалық қызмет көрсету станциясының (СТО) жұмысшысы.

30 шаршы метр уақытша үйде (“времянкада”) тұрып жатқан отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз!