Нағыз марапатқа ие жандар кім?
Марапат туралы…тағы да. Осы тек бізде ғана емес, әлемде марапаттың мәнін қашырдық. Түркияда «я топчу бол не попчу» дейтін. Ия футболшы не әнші болу керек екен. Қоғам дертке шалдыққан, ақыл дертіне ұшыраған.
Сый да, құрмет те футболшы мен әртісте. Олар миллиондап, тіпті одан көп жалақы алады. Ал бір дәрігер адам өмірін арашалап жүр. Ол екі жүз доллар айлық алады. Пандемия мына қоғамға кім ең көп маңызды деген сұрақты ашық қойып берді. Дәрігер, ғалым, зерттеуші, мұғалім ең керегі. Марапатқа сол лайықты! Бірақ бізде марапат жеңіске сәл қалды деп қоладан көз ашпаған боксерларға да марапат, көл көсір.. астына су жаңа көлік, басына қос қос пәтер… Неге?
Мен футболшы, боксерларды қызғанып отырғам жоқ! Олар лайық емес! Аяғымен допты шірене теуіп, оны тағы қақпаға сала алмаса да, айлығы миллион…Марапат негізі қара күшке емес, исламда, «мағрифат, яғни марапат, ілтифатқа байланысты» деп, руханиятқа, санаға, ақылға, өнертапқышқа, сәулетшілер…жалпы ғылымға мағрифат дейді. Мен әлі бір ғалымның, яки мұғалім не дәрігердің марапат алып, қоғамда «пәлі дегізген» оқиғаға куә болмаппын. Неге Билік, үкімет, қоғам шынайы мағрифатқа мән беріп, ілтипат көрсетпейді? Ауруы асқынған, жүйесіз жүйеге осындай жахандық ағысқа ілесіп жүру мода -ау сірә..
Досай КЕНЖЕТАЙ, әлеуметтік желідегі жазбаларынан.