Хусто Хорхе қазақ ақындары хақында |

0




Жалғасы. Басы өткен сандарда

Төлеген Айбергеновтің (1937-1967) поэзиясы сезімталдыққа, өзінің замандастары мен олардың өмір сүру салтына берілгендігі мен берік махаббатына негіз­дел­ген. Оның ақындық мақсаты ту­ған жерге деген асқақ сезімдерді жырлайтын поэзияға қол жеткізу болды.
Т.Айбергенов қазақ поэзия­сы­ның сапасын арттырды. Оның өлең өлкесіндегі орны бөлек. Оның поэзиясына ашып айту қасиеті тән. Оның күші ақиқатта, оның өлең жолдары бізге адам жанының пейзажын суреттейді. Ол көп нәрсені түйсіне білген, еркін болған ақын.
Ақынның осы антологияға ен­ген өлеңі «Сағыныш» деп ата­ла­ды және ол ақын інісі Мұхтар Шахановқа арналған. Бұл Айбер­геновтің жас досына үлкен жолға шығарда берген өзінше нақты өмір сабағы. Ол шын сағыныш­тың өмірлік шешім қабылдауда маңызды екендігіне сендіреді. Әдемі визуалды бейнелер ой мен табиғатты біріктіреді. Бұл эмо­ция­лық өлеңдерде талаптар мен мүмкіндіктер арасындағы кере­ғарлық көрініс табады. Адал достық пен адамгершілік. Оның батыл өлеңдері елге жайылып, биік шеберлік дәрежеге жеткен. Ол Қазақстанның өлеңсүйер жастары арасында сүйікті және танымал ақын болған.

Фариза Оңғарсынованың (1939-2014) шығармашылығында махаббат сыры поэзиясы көрініс тапқан. Ақынның әйелдер сыр­шылдығына қатты берілгендігі көрініп тұр. Ф.Оңғарсынованың тіліне, оның стиліне сезімталдық тән, мұнда оның жалғыздығының терең ауруы бейнеленеді. «Әйел­дің монологы» өлеңінде қаты­гез­дік, жан ауруы мен сағыныш көр­сетіледі. Мен оның техника­сының зорлық-зомбылықпен, торығумен таныс болғанын сезе­мін. Бұл қорқыныштан құтылу әдісі іспеттес эмоцияларды си­пат­­тай отырып, поэтикалық нысанды (объект) сынға алады. Ақын поэзияға нәтижелі зейін қоюға қол жеткізеді. Бұл көптеген жылдар бойы үзбей өлең жазып, тілді абсолюттік билеу арқасында техниканы тазарта отырып сана-сезімді оятқысы келгендей. Онда жаралы жүрекке шағым түсіруге болмайды…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)





Қазақ әдебиеті