Теңізде жұмысшылардың ереуілге шыққаны хабарланды

0

29 маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз жұмысшылар ауылында таңертеңгі сағат 11 шамасында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore компаниясының жұмысшылары наразылыққа шыққан. Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

«[Жұмысшылар] Ливия азаматы Eli Daoud-тың WhatsApp-та жариялаған қызбен бірге түскен суретіне наразы болған. Оның қолында рация болған, ал оның антеннасы қыз жаққа қарай бағытталып тұрған» делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпарат бойынша, оқиға орнында полиция мен прокуратура жүр. Теңізге облыс әкімі, облыстық полиция бастығы, ҰҚК департаментінің жетекшісі, облыс прокурорының келгені хабарланды.

Оқиға кезінде Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore компаниясының бірнеше жұмысшысы жараланып, ауруханаға түскен.

(Жаңалық жаңартылады).

Azattyq