әрбір тұрғынға 100 мың теңге беріледі

0

Премьер-министр алдағы екі-үш аптада оқ-дәрі Арыс қаласынан көшірілуге дайын болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин сенбі күні өңірде отырыс өткізді. Ол Арыс халқымен кездесіп, әлеуметтік маңызы бар  нысандарды аралады.

Жиын қорытындысы бойынша үкімет басшысы қаланы қалпына келтіру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің 10 кешенді шарасын атап өтті. Оған сәйкес әрбір арыстыққа 100 мың теңгеден берілетін болады.

«Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін үкіметтің қолға алған шарасы», — деді Асқар Мамин.

Мамин Арыста кіммен кездесті

Үкімет басшысы Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты. Сондай-ақ, Мамин аурухана, мектеп пен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды жедел қалпына келтіруді тапсырды.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.



sputniknews.kz