Дамыта оқыту негізінде бастауыш оқушыларының шығармашылығын жетілдіру жолдары

0

Дамыта оқыту негізінде бастауыш оқушыларының шығармашылығын жетілдіру
жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3-8

1. Дамыта оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық-белсенділік
әрекеттерінің ғылыми-теориялық
негіздері … … … … … … .. … … … … … 9-11.

1.1 Шығармашылық әрекетінің маңызы туралы педагогикалық ой-пікірлердің даму
тарихы
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …9-11
1.2. Шығармашылық кабілет жайлы теория негіздері және
қабілеттің
белгілері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 11-20
1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда
мұғалімнің кәсіптік шеберлігі
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … 20
-28
1.4. Әрекет — бала дамуының басты шарты
… … … … … … … … … … … … … ..28-37

2. Дамыту арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін
белсендіру жолдарын ұйымдастыру
… … … … … … … … … … … … … … … .38-43
2.1 Оқушылардын шығармашылығын, белсенділігін дамытуға
педагогикадағы өнертапқыш тапсырмаларды шешу тәсілдері (ӨТШТ)-
технологиялардың мүмкіншіліктері
… … … … … … … … … … … … … … … … .38-43
2.2. Дамыта оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық әрекетін белсендіру
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …43-59
2.3. Тәжірибелік — эксперименттік жұмыстар нәтижелері
… … … … … … … 60-75
Қорытынды
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …76-80

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … ..81-
82
Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында атты Қазақстан халқына арналған 2005 жылғы жолдауында: XXI
ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз
болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін
кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі
алысты барлап, кең ауқымда, жайаша ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялык экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі
… білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт…
деп алға койған мақсатты жүзеге асыруға міндеттіміз [3].
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 Білім туралы
Заңында: Білім беру-қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдык,
мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол
жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі, — деп
белгіленген. [1] Сол себептен де дамыта оқыту негізінде оқушылардың
шығармашылығын, белсенділігін жетілдіру жолдары бүгінгі таңда өзекті
мәселелердің бірі десе де болады.
Екіншіден, білім жүйесінде болып жаткан өзгерістерге байланысты
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ролінің күшеюге тиісті. Себебі
балалардың өмірден өз орнын табуға шығармашылық әрекеттердің маңызыдылығы
зор. Бүгінгі Қазақстан жана принциптерге негізделген егемен мемлекет
құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің
өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқытуды,
тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етеді.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы, оның дамытушылық сипаттарынын бекітілуі. Көпнұсқалық оқытуға көшу
сияқты мәселелер орындаушылардың шығармашылық бастамалылықты, жөні бөлек
көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасының және кәсібиліктің болуы алға
қойылып отыр.
Үшіншіден, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып,
өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес,
жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға
да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысын көмектесіп, тереңде
жатқан талап — тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды
өмір сүру үшін рухани күш беру — білімнің басты мақсаты.
Төртіншіден, адамның шығармашылық ойлау қабілетін тудыру, қалыптан тыс
шешімдер қабылдау, практикалық әрекеттерге дайын болу — мектеп қабырғасында
оқып жүргенде бастауыш сыныптардан бастап бекітіледі.
80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде болған
өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді.
Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа
бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік
стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен
енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте
тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау
мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты
мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар
қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы
бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа
үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын
ашуға мүмкіндігі де мол. Дей тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер
тәжірибесінде өз мақсат-міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты
ғылыми-педагогикалық негіздің болмауынан жіберіліп отырған кемшіліктер бар
екенін айта кету керек.
Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық
бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар
атқарылуда.
Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы
жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз
еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі
қателіктер бастауыш мектеп оқушыларының абстрактілі ойлаудағы
мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осынын нәтижесінде
мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген
принцип бойынша, танымал және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған
жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде
емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр.
Осы себептен оқушылар игерген білімдерін іс-әрекетте пайдалана алмау
қиындығына тап болуда.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы
болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық кабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз.
Баланың шығармашылығын, белсенділігін қалай дамытуға болады?
Қазіргі педагогика әдістемелерінің өзекті мәселелерінің бірі — осы.
Алайда, Қазақстанда қазіргі уақытта да, Кеңес Одағы заманында да осы
проблемаға байланысты зерттеулер жоқтың қасы.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда
жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен
тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті
мен шығармашылығын жетілдіруді, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін талап
етеді.
Қазіргі уақытта Республикамызда білім беру проблемасына көп көңіл
бөлінуде. Оған дәлел — Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11
қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама. Осы
бағдарламаны іске асыру үшін мынадай бағыттар белгіленіп отыр:
— білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге
бағдарланған құзыретті білімге өзгерту;
— білім беру ұйымдарының материалдық — техникалық базасын, пәндік —
кеңістіктегі ортасын және оқу — әдістемелік қамтамасыз етіліуін
қазіргі заманғы әлеуметтік — экономикалық жағдайларға және оқу —
тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру;
— оқитындардың тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және
қққықтық даярлыған күшейту;
— білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау
және біліктілігін арттырудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының
құрылымын және мазмұнын жетілдіру;
— білім беру деңгейлерінің мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан
сабақтастығын қамтамасыз ету. [2]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым
қызметкерлерінің III съезінде: Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер —
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет өте ауыр, -деген
болатын.[3]
Осыдан келіп қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте күрделі мақсатты
бәріміз де мойындаймыз. Ол — шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны
қалыптастыру, яғни мектеп ортасындағы мұғалім мен оқушының өзара үйлесімді
шығармашылық іс-әрекеті.
Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. XX ғасырда бұл
теорияның негізін салған орыс ғалымдары А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов тағы
басқалар. Өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов,
Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту
мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз. Сондай-ақ
соңғы кезде шығармашылық қабілеттер мен дамыта оқыту проблемасына көп
жылдық ұстаздық тәжірибесі бар педагог Б.А.Тұрғынбаева да 1999 жылы жарық
көрген өз еңбегін арнаған.
Осы диплом жұмысында зерттеліп отырған жалпы білім беретін мектептерде,
яғни бастауыш сыныптарда қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге
көтеру мәселесі болғандықтан, зерттеуде осы күрделі процесте көзделген
мақсатқа жетудің жолдары, құралдары, педагогикалық шарттары қарастырылады.

1). Зерттеудің тақырыбы: Дамыта оқыту негізінде оқушылардың шығармашылығын,
белсенділігін жетілдіру жолдары.
2). Зерттеу объектісі: сабақ барысында оқушылардың шығармашылығын,
белсенділігін жетілдіру үрдісі (процессі).
3). Зерттеу пәні: оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін жетілдірудегі
тәжірибелердің іске асу жолдары әдістемесі.
4). Зерттеу мақсаты: дамыта оқыту негізінде оқушыларды шығармашылық
әрекеттерін белсенді субъектісі ретінде даму шарттарын белгілеу.
5). Зерттеу міндеттері:
— шығармашылық белсенділік әрекет ұғымын теориялық жағынан айқындау;
— бастауыш сыныптардағы оқушыларды дамыта оқыту негізінде шығармашылық
әрекеттерін белсендіру жолдарын анықтау;
— шығармашылығын белгілерін айқындау жолдарының тиімділігін дәлелдеу.
6). Зерттеу болжамы: Егер мұғалімнің басшылығымен жұмыс барысында орта
білім берудің бастауыш сыныптарында — шығармашылыққа үйрету жұмыстары үнемі
жүргізіліп отырса, онда балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамып,
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болу
жолдары айқындала түседі.
7). Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай педагогикалық ғылыми-
зерттеу әдістері қолданылды:
— педагогикалық, психологиялық әдістердің әдебиеттерімен танысу,
жинақтау, қорыту, жүйелеу, салыстырмалы талқылау жасау
— ӨТШТ — әдістері.

1. Дамыта оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық — белсенділік
әрекеттерінің ғылыми-теориялық негіздері

1.1. Шығармашылық әрекетінің маңызы туралы педагогикалық
ой-пікірлердің даму тарихы

Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы
келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін
меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа, жағдайға
бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол
жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік — экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық
қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.
Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар
қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде
болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы
балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір
тәжірибесінің, дара — дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. Бұлақ көрсең, көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды
өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы,
бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата —
аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген
ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық
шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының
негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты
жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соның
шешімдерін іздестіру болып табылады.
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар,
көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп
Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде
адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С Макаренконың
шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы
шығармашылығына бағыт — бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.
Жұмабаев болатын (1923 ж.).
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А.
Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий,
Б. М. Тепловтың, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар T. Тәжібаев, M. M.
Мұқанов, Ж. M. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке
тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп
білеміз.
Отандық психологияда кабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ,
Мысалы: 1930 — 40 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы — социалистік
көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да,
педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың
ортасынан бастап, бүл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты
қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.
М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Киреенко), әдеби
қабілеттер (В. П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий),
педагогикалык қабілеттер (Н. В. Кузьмина) сияқты зерттеулер.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар
Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев,
С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер
мен үйірмелер жүмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру
жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жүмысының негізгі идеясы —
оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, M.
Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын
айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай
келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан
өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға
келеміз.
Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуының негізгі
көздерінің бірі — шығармашылық іс-әрекет.
Тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылықпен айналысуының алатын орны
зор. Шығармашылық іс-әрекеті баланың сезіміне, эстетикалық талғамына және
сеніміне өзінің ерекше құралы арқылы әсер етеді.
Шығармашылық іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне оқушыларды жаппай тарту
үшін мектептің педагогикалық ұжымы ең алдымен оларға мүмкіншілігінше жағдай
жасаулары керек. Әрбір өнердің түріне қарай оқушылардың мұқтаждықтарын,
бейімділіктерін және қабілеттерін анықтай отырып, олардың мұндай психикалық
ерекшеліктерін дамыта және жетілдіре түсудің нақты жолдарын үнемі
іздестіріп отырулары қажет.

1.2. Шығармашылық қабілет жайлы теория негіздері және қабілеттің
белгілері

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық — тарихи іс —
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап
көрсеткен. [30]
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер — ілім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.
Қабілеттер — іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті т.б. Қабілеттер мәселесі көптеген
зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ
деуге болады.
Кеңестік психологтардың кабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде екі
топқа бөлуге болады. Біріншілер — қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан
талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс — әрекеттің
қабілет дамытудағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте
дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта
қарастырылатын болды.
Психиканың дамыған қабілеттері мен табиғи қабілеттердің арасындағы
негізгі айырмашылық — табиғи қабілеттердің сапалы түрде әлі анықталмаған,
әрі мазмұны белгіленбеген. — деп есептеген Б. М. Теплов. [27]
А. Н. Леонтьев баска авторлардың қабілеттерге берген анықтамаларына
қосыла отырып, оларды дамытудағы әлеуметтік жағдайлардың шешуші ролі
болатындығына назар аударады. Барлық психикалық қасиеттер де алдыңғы
ұрпақтар тәжірибесін меңгеруде қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға
тартады.
Қабілеттер жайлы ой — пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев
қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі
дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын
тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе
көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес
қабілетке іс — әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін
психологиялық қасиет, — деген анықтама береді. Ақыл — ой қабілетінің
алғышарты белсенділік және өзін — өзі реттеу (саморегуляция) деген
қорытынды жасайды.
К. К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен
байланыста қарастырады. Ақыл — ой қабілетінің кейбір компоненттерін
анықтайды.
Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз
еткенде, В. А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған
іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке
жарамдылық деп тануды ұсынады. Және басқа да зертеушілер сияқты қабілеттер
әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген
пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген В. И.
Киреенко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік
айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген
қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да әрекетте
дамитындығын дәлелдейді.
Қабілеттер жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларда
соншалықты қарама — қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған
еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін
қамтамасыз етіп, әріқарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.
Қабілеттер проблемасы — оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы.
Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады.
Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы
жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып табылады. Қабілет
әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. Бейімділік — адамның әрекетпен айналысуға бет
бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы
белгісі, — деп жазады академик Т. Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге
түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады.
Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті
бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік үмтылу, ал
қабілет — мүмкіндіктер, — дейді көрнекті психолог H. С. Лейтес. Баланың
бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл ойының өсуіне
жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып
мұғалімдерінде кішкентай бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу
қасиетінің, оның әрі қарай дамытуға деген үлкен жауапкершіліктің болғаны
дүрыс деп есептейді.
Қабілеттер мәселесін қарастыруда талант, дарын терминдерін айналып
өтуге болмайды.
Көптеген зерттеушілер мен психологтар таланттылық деп белгілі бір
салада (өнер, музыка т.б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды.
Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін
жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (3.
Гильбух, В. С. Юркевич).
Францияның ағарту ісінің өкілі К.А. Гельвеций адамдардың барлығының
бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант
дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы пікірді қуаттайтын
XIX ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі
дайындаған жүйесі бойынша тәрбиелейді. Нәтижеде әкесінің атымен аталған
кішкентай Карл 9 жасында Лейпциг университетіне түсіп, бір жылда оның толық
курсын бітіреді. 13 жасында философия докторы деген атақ алады.
18 жасында Гейдельберг университетінің профессоры, 23 жасында Берслау
университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенің адамның ішкі мүмкіндіктерін ашудағы
күшті құрал екенін көрсеткенімен, Карлдың мұндай таңғажайып жетістіктерін
оның табиғи талантының болуынан мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз.
К.А.Гельвецийдің көзқарастарын қолдайтындар арамызда осы кездерде де
кездесіп отырады. Мысалы, жаңашыл педагог И. П. Волков …
егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай
жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандык дайындау сияқты қатардағы
шара, — дейді.
Дарындылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой кызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып
жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-
әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы
дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал
дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды
балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын
тигізе алады.
Қабілеттер тұлғаны айшықтайтын компоненттердің бірі болса, онда тұлға
немесе жеке бас ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады. Тұлға
(латынша — persona) ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш актерлер
сахнада беттеріне киіп жүретін масканы атаған. Бүгінгі күні ол әлеуметтік
мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
Тұлға — қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа, — деп жазады А. Н. Леонтьев. Ал
Э. В. Ильенковтың айтуынша, тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне
де өзгеріс енгізе алатын адамдар.
Жеке адам — әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге
асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің
кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі, — деген анықтама береді
академик Т. Тәжібаев .
Барлық ғалымдар дерлік адамның мүндай күйге бірден келмейтінін,
тұлғалықка біртіндеп жететінін жазады. Психология ғылымының докторы
В. Э. Чудновскийдің есептеуі бойынша тұлға болып қалыптасу — баланың
жаратылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік
факторларға байланысты дамитын күрделі процесс. Сондықтан өмірге келетін
әрбір адамның тұлғалық деңгейге көтерілмеуі мүмкін.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең
алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор деген тұжырымға келуге
болады.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: …шығармашылық —
қайталанбайтын, тарихи — қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын
іс-әрекет, — деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский
шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен, жаңалықпен қатар бастамалылық,
белсенділік ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей
қорытынды жасауға болады:
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда.
Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А. Н. Лук әрекет
нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты деген пікір айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
1) мәселені карастырудағы қырағылық, көрегендікті;
2) ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
3) тасымалдай білуді;
4) ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;
5) әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы
керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін — өзі шамадан тыс сынау сияқты
психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В. И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында
шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық
ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық
педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.
Оқушылардың көркем — шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды
дамытудың жолдары мен әдістері A. А. Мелик-Пашаевтың,
В. С Шубинскийдің, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі — дарындылық, таланттылық
мәселесінің теориясына терең бойлаған В. Э. Чудновский, B. С. Юркевич,
И. П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс
түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие
процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған
В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз
шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын
қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін
анықтау, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу сияқты ортақ
идеялардың бар екенін байқадық.
Сонымен, біз шығармашылық қабілет ұғымының соңғы уақыттарда көптеген
зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық туралы айтылған
ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, ол төмендегідей
ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз:
1) шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
2) әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
3) шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
4) шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
5) нәтиженің жацалығы.
Бұдан: шығармашылық — қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін
жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам
үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті, — деген тұжырым
жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы — тек өзіне ғана
жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.
Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту
мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден
басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз
математигі Адамар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөлсе, ал А.Н.
Лук, шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі.
Шығармашылық процесстің кезеңдері
Адамар Лук А.Н.
1). Дайындық кезеңі. 1). Айқын және дұрыс қойылған
мақсат.
2.) Инкубация, жасырын идеялар,
тұйыққа тірелу кезеңі. 2). Күшті жұмылдыру, қосымша
мәліметтер іздеу.
3). Интуицияның жарк етуі. Эврика.
3). Проблемадан уақытша кету.
4). Тексеру кезеңі. 4). Интуицияның оянуы. Инсайт.
5). Нәтиженің дұрыстығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған
зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән
шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастыруға
болады:
1). Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2). Шығармашылың белгісіздік, екіұштылық.
3). Шешімнің жарың көруі.
4). Шығармашылық акт.
5). Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік
кезеңіндегі бас қатырулар табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны
қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл — күйге бөлеп, жаңа
істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға
тиісті қасиеттер болып табылады.

1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің
кәсіптік шеберлігі

Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет. Әрине, дамудың
негізі білім мен ғылымда екені баршаға аян. Дамыған қай болсын білім, ғылым
бірінші орынға қойылған.
Білім беруді демократияландыру, ізгілендіру бағытын дамыту оқыту
жүйесін жеке тұлғаның даму заңдылықтарымен сәйкес, үйлесімді ұйымдастырумен
тығыз байланысты.
Білім сапасы — мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделді, ең алдымен,
өзінің жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне байланысты.
Мұғалімнің шығармашылық еңбегінің көрінісі сабақ формаларын түрлендіруінде
емес, сол сабақта оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына қосатын үлесінде
екенін аңғарамыз. Жеке тұлғаның білімді саналы түрде өздігінен игеруіне жол
көрсетіп, шығармашылықпен ізденуіне бағыт беру мұғалімнің кәсіби
шеберлігіне тікелей байланысты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдаудағы басты бағыттарға тоқталатын
болсақ, олар — мыналар:
— жеке тұлғаның психикалық әрекеттеріне басшылық жасай білу;
— баланың психологиялық жас ерекшелігін, темперамент, мінез-құлқын
ескере білу;
— оқушының жаңа білімнің қажеттілігін түсінуіне жол ашу;
— жеке тұлғаға танымдық мәселені шешуге қиындық келтіретіндей тапсырма
беріп, оның ойлау қызметін күшейту;
— жеке тұлғаның бұрынғы білімдерін байытуына көмектесе отырып,
проблеманы шешудің ұтымды жолын іздеуге бағыт беру;
— тапсырманы жеке тұлғанын өзіндік көзқарасын туғызатындай деңгейде
жүйелі беру;
— теориялық материалдарды практикамен байланыстыруда жеке тұлғаның
дербестігін ескере білу;
— жеке тұлғаның оқу, тыңдау, өзіндік пікірін білдіру мәдениетін
меңгерту;
— жеке тұлғаның өз жұмысын тексере білуіне, өзгенің еңбегін бағалай
білуге назар аудара білу;
— педагогикалык әдеп және қарым-қатынас мәдениетін ұстана білу;
— отбасылармен жан-жақты қарым-қатынас жасап, байланыстың балаға әсерін
ескеру;
— шығармашыл және кәсіптік қабілеттерін өз бетінше үздіксіз дамыту;
— жаңаша оқыту технологияларын талдай отырып, ұлттық мектеп құрылымына
сай тиімділерін сұрыптай білу біліктерін арттыру.
Оқыту формалары балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, әр
баланың жеке бас ерекшелігін ескеруге, оларды субъект ретінде бағалауға,
балалардың бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, танымдық
белсенділіктерін арттыруға негіз болатындай жүйеде таңдалынуға тиіс.
Тұлға дегеніміз — өзгелер арасында өзінің позициясын еркін және
жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам. [13]
Адам тұлға болып тумайды. Тұлға әлеуметтік ықпалдар арқылы қалыптасады.
Тұлға — белгілі бір сапалар жиыны. Тұлға деп өзіндік бет-бейнесі бар адамды
айтады. Бет-бейне ұғымына тән қасиеттер:
— ойлау қабілеті дамыған;
— сезімі, әсерленуі дамыған;
— өзінің ойлауын, сезімін, әсерленуін үйлесімді игеріп басқара алатын;
— бастаған істі аяқтап шығатын;
— өзгелерге нәтижелі көмек бере алатын;
— өмірдегі қиындықтар мен кемшіліктерін, қауіп-қатерлерді қандай жолмен
болмасын жеңе алатын;
— сараптау, талдау дағдыларын жақсы меңгерген;
— белсенділігі нақты іспен көрінетін;
— мінезі ықпалды, тартымды;
өзінің көзқарасы бойынша әрекет ететін, оны қорғай білетін.
Қазіргі күнде ЮНЕСКО білім мен тәрбие берудің төрт түрлі мақсатын
белгілеп беріп отыр. Олар:
1). Тұлғаның өз бетінше білім алуға үйрету;
2). Тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету;
3). Тұлғаны өзгелермен бірлесіп өмір сүруге үйрету;
4). Тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Осы төрт мақсат біздің білім мен тәрбие беруге үйлесім табуы керек,
өйткені Қазақстан — әлемдік білім кеңістігіне бет алған мемлекет. Сондықтан
тұлғаны қалыптастыру мемлекетіміздің білім беру саясатының философиясы,
яғни, мәні
болып табылады. Қазіргі Өзіндік таным бағдарламасы осы мақсатта жұмыс
жүргізуде. Демек, тәрбие, білім жүйесі балаға, жеке тұлғаны дамытуға
бағытталады.
Мұғалімдердің оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін олардың ақыл-ой
дамуын, интеллектісін, логикасын және оқушы тұлғасының сапаларын
қалыптастыру мен дамытудың психологиялық-педагогикалық қабілет
мүмкіндіктерін зерттеп білу керек.
1 кесте

Тұлға шығармашылығының сапалары:

Педагогикалық сапа

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,
оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.

2 кесте

Мектепте оқушының шығармашылық сапасын дамытумен қатар осы сапаны
дамытуда болатын тежелу факторларының да бар екенін ұмытпауымыз керек.
Бұған:

1. Әлеуметтік-экономикалық
2. Психологиялық — педагогикалық
3. Физиологиялық — педагогиялық факторлар жатады.
Әлеуметтік — экономикалык факторлар:
1. Отбасылық — тұрмыстық жағдай
2. Материалдық қамтамасыздығының төмендігі
3. Ата-ананың самарқау көзқарасы
4. Оқушының еріксіздігі
5. Отбасындағы қостілдік (интерференция)
6. Материалдық жағдайдың молшылығы
7. Тұқым қуалау арқылы қанмен берілетін ұяңдық
8. Жарым отбасылық (жасқаншақтық)
9. Ата-ананың көңіл бөлмеуінің кері әсері
10.Достарының кері әсері
11 .Болашағына сенімсіздік
12.Ұлттық тілде сөйлесуге көңілдің аз бөлінуі (менмендік)
Психологиялық — педогикалық факторлар:
1. Мұғалімнің сабақ беруінің нашарлығы
2. Оқу құралдарының жетіспеушілігі
3. Оқушы ынтасының жоқтығы
4. Оқулық тілі мен мұғалім тілінің түсініксіздігі
5. Оқушының құлықсыздығы
6. Оқушы қызуғышылығының төмен дәрежесі
7. Оқушыны тек мұғалімнің дайындауы
8. Оқушының тұрмыстық қиындығы
9. Оқушының жалқаулығы мен салақтығы
10.Мұғалімнің оқушының құқығын шектеуі
11.Оқушы жұмысын мұғалімнің ұдайы бақыламауы
12.Оқушы сапасының ғылымилануы
Физиологиялық — психологиялық факторлар:
1. Оқушы денсаулығының төмендігі
2. Дәрігердің есебінде тұрушылық
3. Жұқпалы аурулармен ауырғандық (сары ауру)
4. Отбасындағы бақытсыздық
5. Дене мүшесіндегі кемтарлық
6. Оқушы тіліндегі мүкістік.
Мұғалім қызметі шеберлік тұғысынан да, шығармашылық тұрғысынан да
оқушыларға өнеге болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, тұлғаны дамыту — күрделі үрдіс. Оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, оның бойындағы ерекше қасиеттерін ажырата біліп, қабілетін
дамыту — ұстаз алдындағы басты міндет. Ол үшін ұстаз өз жұмысына берілген,
ынталық пен табандылыққа үйренген, өз мамандығына құштар болса ғана өз
тәжрибесін, құштарлығын, өз сенімін оқушыға жеткізе алады.
Қазіргі кезеңде өзін және оқушыларды танып біле алатын, оқыту әдістерін
меңгерген, оқу-тәрбие процессін жүзеге асырудың шығармашылық жолдарын, өзін
қоршаған ортаны, өзгелермен қарым-қатынасты ізгілікті негіздерде жаңғыртып,
өзгертіп отыруға қабілетті, ой — өрісі, көзқарасы жеке басының мәдениеті
жоғары, педагогикалық кәсіби шеберлігі жан-жақты дамыған ұстаздар ауадай
қажет болып отыр.
Шығармашылық жаңалық сөзімен астарлас. Психологияда бұл ұғымға
жаңалық ашатын адам әрекеті деген анықтама беріледі. Осы ойды тарқатар
болсақ: шығармашылық — адамның жетілген ең жоғарғы қасиеті, білімділіктің
биік белгісі, маманның мақсаткерлік мерейі, ісмерлік пен іскерліктің
іргетасы, дара тұлғаның дарындылығы, Кәсіби шеберліктің шыңы да
шығармашылықпен шырайлы. Талаптың таудай талпынысы да шығармашылық
топырағында тасқындайды. Қазіргідей нарықтық қоғам мүшелері үшін бедерлес
биігі. Нарыққа мүғалім өзінің жоғары кәсіби шығармашылығымен шыға алады,
саудаласа, бәсекелесе алады. Демек, жаңаша бой түзеп жатқан мемлекетіміздің
педагогикасына жаңа рухтандырушы, шабыт беруші идея керек екендігіне дау
жоқ. Мұндай ұлттық педагогикалық жетілдіруге бағытталған оқу-тәрбие жүйесін
жатқызған болар едік.
Шығармашылық педагогикасына байланысты философиялық ойларға, теориялық
еңбектерге, зерттеулерге талдау жасау арқылы нақты жағдайларда шығармашылық
іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерінің көрінетіндігі айқындалды:
— білім, білікті жаңа жағдайларда өз бетінше қолдана алуда;
— объектінің жаңа қызметін көре білуді;
— таныс әрекет түрлерін өздігінше құрастыру арқылы жаңалық жасауда;
— мәселені шешудің қалыптан тыс жолдарын ашуда.
Бұл мұғалімнің шығармашылық күш — қуаты жаңа жағдайға сәйкес әрекет
түрлерін өзгертуге, білім, білікті жаңа жағдайға тасымалдауға көмектесетін,
ақылдың алғырлығы, ойдың оралымдылығы, өнертапқыштық, жаңалыққа ашықтық деп
қорытынды жасауға негіз болды.
Педагогикалық әрекеттегі шығармашылықтың тірегі мұғалімнің білімділігі
тек өз пәні ғана емес — жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерген, терең де
тиянақты білім иесі ғана оны мақсаткерлікпен іске асыра алады, әрине бұл
жерде қалыптан тыс ойлай алу қабілетінің рөлі жоғары.
Тәжірибеде кәсіби педагогикалык — шығармашылық төріне көтерілу үшін
біліктілікті арттыру жүйесінің тыңдаушысы танымдык белсенділік жағдайларына
қою мәселені оңды шешуге ықпал етті және ол тек сыртқы белсенділік қана
емес, ішкі ой белсенділігі болғандықтан ғана құнды, мәнді болды.
Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға бағытталып ұсынылып отырған
нобайдағы әр кезеңнің ұстаздың кәсібилігін дамытудағы орны ерекше.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын
ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты
тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет.

1.4. Әрекет — бала дамуының басты шарты

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен
айналысуына байланысты болады. Барлық іс-әрекеттерінің процесінде баланың
қоршаған дүниеге көзқарасы қалыптасады, ол адамдармен қарым-қатынас
жасайды.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған процесс. [9]
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі өте зор. Ол дамудың негізі. Іс-
әрекетінің түрлері: ойын. оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркемөнер, іс-
әрекеті, спорт т.б.
Балалардың салаларымен бірге жас ерекшеліктерше олардың мазмұны,
байланысты іс-әрекетінің ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері
де өзгеріп отырады.
Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және
олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның түрлері,
әрине, сан алуан.
Барлық іс-әрекеттерінің процесінде баланың қоршаған дүниеге көзқарасы
қалыптасады, ол адамдармен қарым-қатынас жасайды. Оның нәтижесінде бала
бағыну мен басшылық және жауапкершілік принциптеріне, немқұрайдылық пен
қамқорлықты, қызығушылық пен парықсыздықты түсіне бастайды.
Іс-әрекетерінің процесінде баланың, мысалы, біреуді үнату немесе жек
көруі, бір іске қызығушылығы немесе одан жиіркенушілігі, іс-әрекеттерінің
нәтижелеріне талдау мен бағалау және сын көзімен қарау сияқты эмоциялық
жағы дамиды.
Сонымен педагогикалық тұрғыдан жете ұғынып тиімді ұйымдастырылатын оқу
мен тәрбие іс-әрекеттері оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ынтасы мен
бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын үнемі дамытып отырудың зор
қазынасы.
Даму ұғымы философиялық сөздікте …мөлшерлік өзгерістердің белгілі
бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, — деп
түсіндіріледі. [30] Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің
жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы
жаңа сапаға көшеді. Терістеу — дамудың қозғаушы күші. Терістеу — белгілі
бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау,
жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге
келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары
сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір
деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері ба ланың
даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.
Олар:
1. Биологиялык, фактор.
Бұл — ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында
қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысының
ерекшелігін білдіретін, бала организімінің ортамен қарым-қатынасының
нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл — бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл, сондай-
ақ, баламен қарым — қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және
ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істер мен сөздері,
талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Бұл даму процесіне әсер ететін үшінші күш болып саналады. Оқитын пән
қандай да жаңа, бағалы болмасын, мүғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы күткен нәтиже бермейді.
Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік
арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен камтамасыз етіледі. [10] Ең
бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса
да, басқа екеуінен ерекшеленіп жеке эсер ете алмайды. Барлық іс осы үш
басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л. С. Выготский .
Ол дамуды оқытумен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі бөлек
процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады.
Ең алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дамуының қол жеткен аймағы үлкендердің көмегінсіз істей алатын
істері.
2. Бала дамуыныц жақын аймағы — баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы,
адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір
жағынан өзінің іскерлігі мен кабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа
дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап,
осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық
мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақгы, үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген
кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге
асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын
мәніндегі педагогиканың міндеті ертеңгі күнді меңзеу болып табылады.
Ғалым психологгар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов,
Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын,
сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. С. Л. Рубинштейн,
Е. Н. Кабанова-Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту
дамудың негізгі алғышарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл — ой
қызметі де соншалықты кең, ауқымды, демек, даму деңгейі де жоғары болады.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының даму
белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға және, керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
жасай алу қабілетін жатқызса, Д. Н. Богоявленский және Н. … жалғасы