Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

0

Елбасы Жолдау барысында еліміздегі  электр қуатын өндіретңн стансаларға тарифтерді төмендету жайында тапсырма бергені белгілі.

Электр қуатының арзандауы-стансаладардың қуатты босату тарифіне тікелей байланысты. Нәтижесінде, биыл төртінші тоқсанда электр қуатының тарифі 1 кВт/сағ электр қуатының құны 10,5 теңгеден 9,8 пайызға төмендеген.

Сонымен бірге, жылу бағасы үшін де монополистер тарифті 2,6 пайызға азайтты. Облыс орталығындағы «Электр қуатын тарату  компаниясы» АҚ-та тарифтің өсімінен алынған қаржыны мақсатты жұмсап, биыл 2 млрд. 606 миллион теңгенің жобалары жоспарланып, іске асырылған.

Кәсіпорындағы барлық жұмыс негізгі құрылғылардың тозуын төмендетіп, электр қуатын жоғалту көрсеткіштерін кемітуге, құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмысын арттыруға бағытталған.

2015-2018 жылдар аралығында жеке және заңды тұлғаларға 11 мың 71 техникалық құжат берілген. Қосымша 1547, 5 мВт қуат берілуде. Электр қуатын тұтынушылар жыл сайын өсуде.

Ал, қалалық прокуратура тарифтерді қалыптастыру заңдылықтарына жүргізген тексерістер барысында бірқатар кемшіліктерді анықтапты.   

Бірақ, бұл кемшілікті  кәсіпорын басшылары заңсыз әрекет деп санамайды. Монополиялар туралы Заңда, нормативтік актілерде «Жоспарланған көлемді көбейту заңбұзушылық» деп жазылмаған.

Өйткені, ұлғайтылған көлем жөнінде ақпарат жыл сайын  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жіберіледі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз