Серікбол Сайлаубекті тойда «қорғаған» күзет фирмасы жазаланатын болды — новости Казахстана

0

Ішкі істер министрлігі қарулы күзетпен ән салған отандық әнші Серікбол Сайлаубектің оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын аяқтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Серікбол Сайлаубек жариялаған видеодан кадр

Фото: Серікбол Сайлаубек жариялаған видеодан кадр

Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, 17 қараша күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде той ұйымдастырушылар тәртіпті қадағалау үшін күзет агенттігі қызметкерлерін жалдаған.

«Қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты қызметкерлердің қаруды пайдалану тәртібін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекс аясында прокуратура органдары алдында күзет ұйымының күзет қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруге бастама жасалды», — деді Садубаев.

Айта кетейік, әнші қарулы күзетпен ән салып тұрған видеосын өз Instagram парақшасында жариялап, басы дауға қалған еді.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар