Атырау прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды
Қысқа сілтеме алу
Жасұлан Қаратау қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, осы жылдың 11 маусымында Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады», — деп жазылған хабарламада.
Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Тағы оқыңыз: Павлодар облысында басқарма басшысы 3 миллион теңгемен ұсталды
Соттың санкциясымен Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
sputniknews.kz