Қасым-Жомарт Тоқаев қанша дауыс жинады

0

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – Қазақстандағы Exit-poll , яғни дауыс берген азаматтар арасындағы жасырын сауалнама жүргізген ұйымдардың бірі

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы баспасөз орталығында орталықтың директоры Талғат Қалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Сайлаушыларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сауал қойылды. Сонымен, Exit Poll-дың нәтижесіне тоқталайын. Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, Дания Еспаева – 4,78%, Әміржан Қосанов — 14,96%, Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Қасым-Жомарт Тоқаев – 69, 94%, Түгел Сәдібек – 1,92% сайлаушылардың дауысын жинады», — деді Қалиев брифингте.

Оның айтуынша, Exit Poll-ға 12 мың адам қатысқан.

«Сайлау күні Exit Poll сауалнамасы өткізілді. Барлық 300 сайлау учаскесінде 12 мың сайлаушы сұралды. Бөлімшелерді іріктеу және респонденттерді санын анықтау әр өңірдегі сайлаушыларды есептеу жолымен жүргізілді. Нәтижесінде республикалық маңызы бар қалалардағы 30 бөлімшеде 1220 адам, облыс орталығы болып саналатын 14 қаладағы 64 сайлау бөлімшесінде 2440 адам, ауылдық жерлердегі 125 бөлімшеде 5 мың адам, шағын қалалардағы 84 бөлімшеде 3300 адам сұралды», — деді ол.

Сол сауалнама кезінде бөлімшеден шыққан әрбір бесінші респондентті таңдау сақталғанын атап өтті. Сұраудың қателігі Exit Poll стандарты бойынша 3%-тен аспайды.


©
Sputnik / Дәурен Ерболат

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижелері

«Сайлау туралы заңның 28-бабына сәйкес, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы орталық сайлау комиссиясына электролдық сауалнамалдарды, әрі Exit Poll-ды өткізу туралы хабарлай отырып, барлық талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынды. Біздің ұйым белгіленген талаптарға, оның ішінде 5 жылдық жұмыс өтілі, бейінді әлеуметтанулық білімі және жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді болуымен жауап береді», — деді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директоры.

Сондай-ақ, ол Exit Poll Қазақстанның азаматтық альянсының тапсырысы бойынша жүргізілгенін айтты.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама «Exit Poll» деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндетті түрде көрсету керек.

Exit Poll-ды өткізуге кімнің рұқсаты бар?

«Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, қоғамдық пікірге арналған сауалнаманы заңды тұлғалар өткізе алады. Олардың осы салада, кем дегенде, бес жылдық тәжірибесі болуы шарт. Ал сайлауда экзит-поллды өткізу үшін орталық сайлау комиссиясын алдын ала ескертіп, тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Ол құжаттарда талдаудың әдіc-тәсілдері, оған қатыстан мамандар, олардың осы саладағы тәжірибесі, сауалнама жүргізілетін аймақтар және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.

Осы жолғы президенттік сайлау кезінде орталық сайлау комиссиясы социологияық зерттеулерді өткізу бойыша екі ұйымның құжаттарын қабылдады. Олар — «Қоғамдық пікір» институты» қоғамдық ұйымы және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. 



sputniknews.kz