Тоқаев 70 пайыз шамасында дауыс алды

0
90

«Қоғамдық пікір» институты мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 10 маусым түнгі 00:01-де экзит-полл нәтижесін жариялады. «Қоғамдық пікірінің» дерегінше, Тоқаев – 70,13 пайыз, Қосанов 15,39 пайыз алған.

«Қоғамдық пікір» экзит-полл нәтижесі:

  • Жамбыл Ахметбеков – 3,86%
  • Дания Еспаева – 5,32%
  • Әміржан Косанов – 15,39%
  • Төлеутай Рахымбеков – 3,03%
  • Амангелді Таспихов – 1,41%
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%
  • Сәді-Бек Түгел – 0,86%

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі бойынша, Тоқаев – 69,94 пайыз, Қосанов 14,96 пайыз дауыс алған.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі:

  • Жамбыл Ахметбеков – 3,06%
  • Дания Еспаева – 4,78%
  • Әміржан Қосанов – 14,96%
  • Төлеутай Рахымбеков – 2,71%
  • Амангелді Таспихов – 2,63%
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94%
  • Сәдібек Түгел – 1,92%

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Талғат Қалиевтің айтуынша, экзит-полл 9 маусым таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Сайлау қалай өтті?

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Azattyq