Тоқаев 70 пайыз шамасында дауыс алды
«Қоғамдық пікір» институты мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 10 маусым түнгі 00:01-де экзит-полл нәтижесін жариялады. «Қоғамдық пікірінің» дерегінше, Тоқаев — 70,13 пайыз, Қосанов 15,39 пайыз алған.
«Қоғамдық пікір» экзит-полл нәтижесі:
- Жамбыл Ахметбеков — 3,86%
- Дания Еспаева — 5,32%
- Әміржан Косанов — 15,39%
- Төлеутай Рахымбеков — 3,03%
- Амангелді Таспихов — 1,41%
- Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,13%
- Сәді-Бек Түгел — 0,86%
Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі бойынша, Тоқаев — 69,94 пайыз, Қосанов 14,96 пайыз дауыс алған.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі:
- Жамбыл Ахметбеков — 3,06%
- Дания Еспаева — 4,78%
- Әміржан Қосанов — 14,96%
- Төлеутай Рахымбеков — 2,71%
- Амангелді Таспихов — 2,63%
- Қасым-Жомарт Тоқаев — 69,94%
- Сәдібек Түгел — 1,92%
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Талғат Қалиевтің айтуынша, экзит-полл 9 маусым таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.
Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.
Оқи отырыңыз: Сайлау қалай өтті?
9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.