10 маусым қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 161-ші күн, жыл соңына дейін 204 күн бар

10 маусым мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

10 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік балмұздақ күнін атап өтеді. Бұл дата АҚШ-та алғаш рет жаппай балмұздақ сатылған күнге (1786 жылы)   орайластырылған, алайда балмұздақ одан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Оның алғашқы «үлгісі» мұз немесе қармен араластырылып жеміс-жидектен жасалатын қытайлық десерт болды. Ежелгі гректер мен римдіктер де салқын шырындар мен сүт өнімдерін сүйсіне жеген. Аңыз бойынша Еуропаға балмұздақ рецептін Қытайдан Марко Поло әкелген. XVII ғасырдың соңында Жерар Тирсен (франциялық аспаз) сүт және кілегей қосылған мұздатылған ваниль кремінің рецептін жасады, ол «неаполитандық балмұздақ» деп аталды.  

Сондай-ақ бүгін «Союзмультфильм» киностудиясының туған күні.  Бұл атақты киностудия Мәскеу қаласында 1936 жылдың 10 маусымында ашылғанын біреу білсе, біреу білмес. Алғашқы мультфильм ақ-қара форматта көрсетілгеніне қарамастан бұл кинематография саласында ұлы серпіліс болды. Ол туынды «Африкада күн ыстық» деп аталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мультипликацияның гүлденуі 1960-1970 жылдарға тұспа-тұс келді. Ол кезде жұрт «Бөбек және Карлсон», «Бремен музканттары» сияқты сериалдарды және, әрине, «Қап, бәлем!» (Ну, погоди!) мультфильмін рахаттанып көрді. Жылдар өте келе мультипликация саласында көп өзгеріс болды, алайда қазір де шынайы таспаланған ескі ертегілерді тамашалаудан жалықпайсың.

Бүгін Шарикті қаламсаптың туған күні аталып өтеді. Кейде бұл мүлдем байқалмайтын мереке болып көрінеді, дегенмен іс жүзінде  мүлде олай емес. Венгр журналисі Ласло Бироның 1943 жылғы өнертабысы адамдардың өмірін жеңілдеткені соншалық, олар талантты жазушыға әлі күнге дейін алғыс айтады. Бұл жаңашылдыққа Ұлыбритания әскери әуе күштерінің басшылығы бірден жоғары баға берді, өйткені ұшқыштар әуеде қауырсын қаламды мүлде қолдана алмайтын. Аузының салымы бар журналист Биро өзінің өнертабысын Аргентинада $ 1 миллионға сатып, оған  атақты Eversharp  компаниясын сатып алды. Ол осындай әмбебап және қолайлы қаламсаптарды жаппай өндіре бастаған.

10 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1610 жылы алғашқы голландиялық қоныс аударушылар Манхэттен аралына (Солтүстік Америка) келді;

1793 жылы Парижде әлемдегі алғашқы қоғамдық зообақ ашылды;

1909 жылы әлемде алғаш рет SOS сигналы қолданылды;

1935 жылы жасырын маскүнемдер қоғамы құрылды.

10 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1998 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар монументінің іргетасын қалады. Монумент ресми түрде 2001 жылдың 9 мамырында ашылды.

2000 жылы Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музейі ашылды;

2003 жылы «Астана-Бурабай» бағыты бойынша жаңа «Оқжетпес» электр пойызы іске қосылды;

2004 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті;

2005 жылы Жезқазғанның Достық пен халықтар мәдениеті үйі алдында ақын Тайжан Қалмағамбетовке ескерткіш орнатылды.

10 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар  

1895 жылы америкалық киноактриса Хэтти Макдэниел дүниеге келді. 1940 жылы «Унесенные ветром» фильміндегі рөлі үшін қара нәсілді актерлер арасында алғаш болып «Оскар» жүлдесін алды;

1922 жылы америкалық актриса және әнші Джуди Гарленд дүниеге келді. 1999 жылы ұлы америкалық киножұлдыздар тізіміне енгізілді («Волшебник страны Оз», «Звезда родилась» фильмдері);

1957 жылы кеңестік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы (1988) Андрей Букин дүниеге келді. 4 дүркін әлем чемпионы (1985-1988), 5 дүркін Еуропа чемпионы (1983, 1985-1988). КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1984);

1983 жылы ресейлік әнші және музыкалық продюсер Максим (МакSим) дүниеге келді, шын есімі Марина Абросимова. Қарашай-Черкессия еңбек сіңірген әртісі (2013), Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі(2016).

10 маусымда Қазақстанда кім туды 

1906 жылы эпидемиолог дәрігер, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Мұхамедрақым Тілеуғабылов дүниеге келді;  

1928 жылы жазушы Рысты Шотбаева дүниеге келді;

1936 жылы Қазақстанның кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткері Зақаш Камалиденов дүниеге келді;

1950 жылы жазушы, журналист Дидахмет Әшімханұлы дүниеге келді.

1982 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, грек-рим күресінен 2010 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әсет Мәмбетов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

 Ай Бикеш белгісінде орналасады. Барлық шараны мұқият сақтаңыз, бәсекелестікпен айналысудың және әділ екеніңізді дәлелдеуге бар күшіңізді салып тырысудың қажеті жоқ. Бүгін сіз біршама тәуелсіз екеніңізді сезінесіз, сондықтан кез келген экспериментке келісім бересіз. Бұл сізге пайда әкеледі, ақыры өз күшіңізге көз жеткізесіз.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз