Президент сайлауы 2019: қазақстандықтардың 77%-і дауыс берді
Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 77%-і кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 83%
- Ақтөбе облысы – 84,6 %
- Алматы облысы – 89 %
- Атырау облысы – 71,2%
- Шығыс Қазақстан облысы – 84,5%
- Жамбыл облысы бойынша – 81,3%
- Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
- Қарағанды облысы – 77,1%
- Қызылорда облысы – 77,6%
- Қостанай облысы – 84%
- Маңғыстау облысы – 68,3%
- Павлодар облысы – 79,5%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%
- Түркістан облысы – 84,8%
- Нұр-Сұлтан қаласы – 68,3%
- Алматы қаласы – 52,2%
- Шымкент қаласы – 67,1%.
Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-де дауыс берген азаматтар саны 51,8%-ке жетті. 16:00-тегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 65,9 проценті бюллетень алды. Ал кешкі сағат 18:00-ге қарай қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді.
Президент сайлауы қалай өтіп жатыр
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.
Тағы оқыңыз: Дания Еспаева неге өкініп отырғанын айтты
Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.
©
Sputnik / Стрингер
Қазақстандықтардың 77 %-і дауыс беріп үлгерді
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құраған.
Ал 19:00-дегі мәлімет бойынша шетелдегі қазақстандықтардың 54,2 проценті немесе 8322 адам дауыс берді. Уақыт айырмашылығына байланысты Азияда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, дауыс санауға кіріскен. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де ең соңғы болып Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавадағы сайлау учаскелері ашылды.
Айта кетсек, 2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 20:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 95,11%-і дауыс берген.
Президенттікке үміткерлер
Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
©
Sputnik /Президентікке үміткер жеті кандидат
sputniknews.kz